«АЙҚЫН» газеті не дейді?!
блог
Мен көп газет оқығанды ұнатамын. Соның ішінде Нұртөре Жүсіп бастамасымен шығып отырған «Айқын» газетін ерекше сүйіп оқимын. Осы апта мен бүгінгі күннің «Айқын» беттерінде шыққан жаңалықтарымен таныс болыңыздар.
Бүгінгі нөмірінде алғашқы бетінде Нұртөре Жүсіп ағамыздың «Көбею – елдің мұраты» атты мақаласы жарық көрді. Онда еліміздің басты проблемасы – халық санын көбейту хақында айтылды. 20 миллиондық межеге жету – Елбасымыздың алға қойған бірден – бір мақсаты. Мақаланы оқып жағамды да ұстадым. Расында, бұл проблеманы қолға алу жайын ойлау керек екен. Себебі, жан – жағымыздан төніп тұрған алпауыттарға дес беру үшін бізге халық саны қажет.
Жақында «Барахолка» базары бірнеше мәрте өртеніп, «Баянауыл» базары түбегейлі жабылып қалды. Елімізде жұмыссыздық көбейді. Ал «Айқын» газеті арқылы мен Испанияда 4,5 миллион адамның жұмыссыз екендігін білдім. Бұл жұмыссыздық қой, ал Тайваньда 31 адам қайтыс болған. Бұған себеп болған сол елдімекендегі авиакомпания. Естеріңізде болса өз елімізде де авиакомпаниялардың қателіктерінен апатты жағдайлар болып, сол апаттар адам шығынымен аяқталған болатын.
«Айқын» газетінің апталық нөмірінің алғашқы бетіндегі альпинист Мақсұт Жұмабаевтың «Қазақ екенімді мақтан тұтамын» деген сөздері оттай басылды. Не деген патриот. Еліміздің атын биікке шығарып жүрген осындай азаматтарымыз көбейе берсін.
Апталық нөмірінде қызықты мақалалар жарық көріпті. Мәселен, «Адамзатты алда не күтіп тұр?», «Қазақтың генетикалық коды ешбір ұлтқа ұқсамайды», «Қазақ мифологиясындағы қара күштер», «Әлеуметтік желінің әлегі». Мен қызыға оқыдым.
Сонымен қатар, қазақы ұлттық оюланған киіммен шығып жүрген журналист қызын сіз білесіз бе?
Осы және басқа да мен атап өткен қызық мақалалар «Айқын» газетінде. Мен бұл газетті жарнамалап отырған жоқпын. Мен үшін әсерлі болғандықтан, қызығы көп болғаннан соң көппен бөліскенді жөн көрдім. Редакция ұжымына алғысым шексіз!!!