Айқын...
Балалы үй базар демекші, отбасын құрған уақыттан бері құдіретті жаратушы арасын төрт жылдан сала отырып үш перзент сүю бақытын бұйырды. Үшеуі үш түрлі, ата анасы үшін өздерінше сымбатты және қылықты нәзік жаңдар. Үлкені «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тоғызыншы сыныбына көшсе, кішісі балабақшамен қоштасып мектепке дайындалуда. Ортасыншы да төртінші сыныпты үздік аяқтады.
Алты жыл салып кішкентай нәрестенің иісін сағынып, төртінші перзенттің дүниеге келуін мұрат еттік. Көшеде кішкентай нәресте көрсем жүрегім елжіреп кете баратынды шығардым. Тіпті өзге танымайтын адамдардың бөпелерін: - ұстауға, бір сәт көтеруге болады ма?, - деген сәттерім жиіледі. Кейде жолда сәбилі ананы көрсем міндетті түрде көлігіммен баратын жеріне апарып тастағанды жөн санап жүрдім. Әсіресе бесіктегі сәбидін ұйқыдан тұрып, аяғын жазып, жаңжағына қарағаны, пәк езу тартқаны қандай ғажап десенші! Көптен бері қолданбаған, қоймада тозаң басып тұрған бесікті шығарып, анамыз екеуміз өзімізше тазалап, жуып шүмегін түгендеп әзірлей бастадық..
Басында пенде болған соң үш қыздан соң, ұл болғаның іштей армандағанымен, ақылға сала келе, аман-есен әйтеуір сәби келсе екен деген ой басым болды. Тіпті жолдасым УЗИ-ге түскендеде ұл немесе қыз екенің айтпауын қаладық. Оның үстіне жолдасымның жасы қырыққа тақап қалған кезі. Учаскелік дәрігердің қойған мерзімі бойынша ағымдағы жылдың қыркуйек айында босану керек еді. Алайда маусымының 7 жұлдызында жолдасым қатты қысылып «жедел жәрдем» келіп, перинаталдық орталыққа алып кетті. Мейрімді жаратушының бұйрығымен маусым айының 9 жұлдызында мерзімінен бұрын алты жарым айында шыр етіп, нәресте дүние есігін ашты. Қазақта оны шала туылды «шақалақ» деуші ма еді. Салмағы 1 кила 300 грамм, «ұл» келіпті. Сәтін салып таңыс дәрігер-гинеколог әпкеміздің сол күні кезегі аяқталсада шырылдап өзі босандыруға кіріскенің айтпай кеткенім жөн болмас. Ең бастысы аман есен босаңғанына қуандық. Дәрігердің шимай жазылған парақшадағы нұсқауымен дүкеннен нарестеге бас киім, ит көйлек, памперс, шұлықты алып жатып, -мынаны қай жеріне киеді екен?,- деп қуанышым қойныма сыймағаны есімнен кетпейді.
Бір екі күн өткен соң, әшейінде бұйыра бермейтін, перзенттін есімін қоюды әке шешем өзіме тапсырғаны таңғалдырды. Әрине нәрестеге есімді перзентханадан аман есен үйге оралған соң қойылатыны белгілі. Дегенмен жобасы дайын тұру деген ниетқой менікі. Кімде кім болсын сәбиге ырымдап, жақсы есім қойғысы келеді емеспе. Не де болса ғаламтордан іздеп көрейін дедім. Үйдегі интернетті жазғы каникулда қыздар бет жоқ шұқшимасын деп қыркуйекке дейін уақытша өзім өшіртіп тастаған болатынмын. Сөйтіп не керек, өмірі аяғым баспаған көшедегі интернет клубқа кірдім. Ішінде ыстық тамда жас балалар, бой жеткендер біреуі ойын, біреуі басқаны қызу көріп жатыр.
Ғаламтордан «Қазақтын ер бала есімдері» дегенді бассаңыз болды екен... Он шақты жаныма жақын тұтқан есімдерді қағазға түсіріп үйге асыға жөнелдім. Олардың ішінде: Ерқанат, Ерназар, Алихан, Арсен, Айқын, Елдар... Үйге барған соң ұзақ ойланып, толғанып ақыры аяғы қыздарыммен кеңесуді жөн көрдім. Екі ұнатқан есімдерімнің дауысы қақ жарылды. Жартысы Арсенді ұнатса, екінші жақ Айқынды қалайды. Шешуші дауыс өзімде әрине. Ұзақ толғаныстан соң Айқын жеңіп шықты. Жүйрік ой демекші, өзімше Айқынды спортқа баулып, гитараға үйретіп жатқанымды, тіпті моншаға бірге бара жатқанымды елестетіп қоямын.
Кішкентай шарана өте әлсіз, ваккумда қолдан дем алдыратын аппаратпен тыныс алып жатыр. Медбике келіп екі сағат сайын жұбайымның емшегінен сүттін сығып, оны нәрестенің асқазанына арнайы шлангы арқылы тамшылап қуяды. Палатадағы басқа пациенттердін бөпелері рахаттанып аналарының емшектерін еміп жатыр шіркін! Дегенмен 800 грамм нәрестелер де адам болып кеткенің естіп өзімді жұбатып қоямын.
Перзентханаға барып қайтқан сайын ата-анам, қыздарым алдымнан шығып - қалай екен, сауығып жатыр ма? , - деп сұрайды. Дұрыс бәрі, - деп қоямын. Негізінде ешқандай өзгеріс жоқ. Егер сауығып кететін болса, сәби перзентханада ұзақ жататының іштей сезініп жүрмін. Дүкеннен нольдық памперс сатып алған сайын мәз болып, жұбайыма жеткізгенше асығамын. Қызылшақа байғус болса анасының сүтін өздігінен ембек түгілі, өздігінен дем алып та жатқан жоқ..
Күндердін бірінде кешкісін жұбайым Айымгул жабырқау дауыспен телефон шалып, дәрігермен сөйлесші, - деп байланысты үзе салғаны. Жедел көлігіме отырып қаланың сыртындағы перинаталдық орталыққа жөнелдім. Дәрігер нәрестенің жағдайы ауыр, өкпесінде «поликистоз легких» деген дерт барын айтты. Бұл дерт жүз мың адамнан тек біреуінде ғана кездеседі деді. Асықпай сөйлейтін жас дәрігер, компьютердін жарығы арқылы пленкадағы нәрестенің өкпесінің ішіндегі дақтарды көрсетіп түсіндірді. Менен қандай көмек керек? ,- дегенім сол еді, медицинада бұл кеселдін емдеудің емі әлі толық зерттелмегенің, дегенмен қолдан келген емдомның бәрі жасалынатының, екі күннен соң қайта рентгенге түсіретінің айтып жедел вызовқа шығып кетті.
Онсыз да шала туылған, өздігінен тыныс ала алмай жатқан нәрестеге бұл қойылған диагноз отқа құйылған майдай болда-ау.
Азанда ғана көлікпен перзентханаға келе жатып кішкентай қызымыз екеуміз қуана-жарысып, айқайлап, дауыстап ән айтып қоймай қойып едік. Кешкісін көңілім құлазып дауысым шығпайтын күйде үйге оралдым.
Жанағы хабарды естіген соң, жан жақтан телефон шалып құтықтап жатқандарға қуанып жауап беруге зауқым тартпай қалды. Жаң достарымның «ат ұстарынды» қашан жуасын деп, өкпелеп жатқандарын қайтесін. Ел босаңғаның естіген, ал басқасын білмейді.
2014 жылдың маусым айының 15 жұлдызында мен қаламаған телефон қонырауы да жетті, сәби бақилық болып өмірден озды. Өмірінің соңғы сағатында шарана аяғын тырбандатып, ұзақ уақыт көзін ашып жатыпты, кім біледі бой жазып анасымен қоштасты ма екен?
Нәресте үйге алыңған соң, мешіттен молда шақыртылып тиісті рәсімдері жасалынды. Молда азаң шақырып сәбидің құлағына «Айқын» деп сыбырлап есім қойды. Жаназасың шығарған соң, жерлеуге апарылып соңғы іс-шаралары жасалынды.
Құран бағышталып, «Йа-син!» сүресі сөздерінің аяқ жағында «Айқын Азаматұлының жатқан жері жәннатта ете гөр!», - дегенде жүрегім аузымнан шығып кетердей болды.
Жерлеуден қайтып келе жатып көлікте отырған имам әдеттегіше уағызын айтып отырды. Ана дүниеге аттанған сәби, періште екенің, ол бірден жұмаққа барарын, күндердін бірінде ата-анам осы жаққа келгенде жұмақтан орын алса екен, - деп, сол жұмақтын есігін ашқысы кеп шырылдап жүретінің айтты.
«Адамның күнде басына келетін барлық жағдайлары Аллаһу та’аланың қалауымен және жаратуымен бар болуда. Сондықтан қалауларымызды Оның қалауымен сәйкестендіруіміз қажет. Өзі өмір береді- өзі алады. Оған қарсы тұруға болмайды, - деп имам естіген, білгенің айтып сабырлы болуға шақырды.