Айконтайдың жауабы

Жауабы Алшынан бұрын келген, ер азамат сыйлайтын қасиеті баар екен, бірінші жауап жазсада Алшынның алдына шықпай содан кейін жариялауымды өтінді. Бұл хат сіздерге келгенше біраз сарғайып қалды, агентіме Айконаның жауаптары қашан шығады деп іздегендерде болды. Хатты ашып, сіздерге берейін өздеріңіз оқып, бағасын бере жатарсыздар.

Жалғыздық қай кезде қалғанда жақсы? Жалғыздықты қалай түсінесіз?

Жалпы жалғыздықта қалған жаман деп жатады себебі ол адам баласына берілетін ең ауыр жаза екен. Ал, мен үшін жалғыздық көбіне іштей қиналған да, бір сұрақтар шешімін таба алмаған да қалатын сәтім. Тіпті, көп қалам десем де болады. Ойланып, жоспар құрып, өзіме өзім келуім үшін көбіне жалғыздықты қалаймын. Бірақ, өмірде жалғыз болғым келмейді. Тек ойланара сәтім де ғана аз уақытқа жалғыз қалғаным дұрыс. Әсіресе, ашуымды басу үшін.

 

Сіздің асқақ армандарыңызды айтыңызшы?

Қазіргі асқақ арманым қыз болғасын шығар сүйікті жар, мейірімді ана болғым келеді. 

 

Жарыңызбен, балаларыңызбен (болашақта) қыдырып келе жатып, көшеден тастанды бала тауып алдыңыз делiк, өзi тәп-тәттi, сүйкiмдi. Сiздiң жүрегiңiздi баурап, сiзге "мамалап" еркелейдi. Асырап алар ма едiңiз? Жалпы, бала асырап алуға қалай қарайсыз?

Асырап алар ем еш ойланбастан. Бала асырап алуға қарсы емеспін, біздің үйде бұл тақырып талқыланған болатын. Мен және ағам екеуміз үлкейіп кеткесін ата-анам бала асырап алмақ болған, бірақ жастарына байланысты рұқсат берілмеді. Сондықтан, мен қарсы емеспін.

 Айконаға ұнаған сұрақ осы екен, сұрақ қоюшы номеріңізді жекеде күтемін

Ең алғаш екі алғаныңыз есіңізде ме? Үйдегілерге қалай жеткіздіңіз? Сабақтан қашып көрдіңіз бе?

  Екі алмаған оқушыға ұқсаймын ба? ))) Есімде қалған екім 9- сыныпта еді, диктанттан екі алып қалғам. Үйге келіп ашып айттым, мен диктант жаза алмай екі алдым деп. Папам, кәдімгідей сабақ өткізген ))). Сабақтан талай қашқам, өзіме ұнамайтын апай беретін француз сабағынан қашып кететінмін. Сызудан қашып кететінмін, сыза алмаймын деп сылтауратып. Кейін универге түскенде алдымнан сызу шықанда қатты өкіндім қашқаныма. 

 

Қыз кезінде бәрі жақсы Жаман қатын қайдан шығады?

Меніңше, түсінбестіктен. Қандай адам болса да түсіне білу керек, онымен ашық сөйлесе білу керек. Бізде көбіне ашып түсіндіріп айту жетіспейді. Негізі бәрі адамның өзінің тәлейінен ғой. Жақсы жар болуға тырысам, бірақ бұл керемет болам деген сөз емес бірақ бар нәрсені түсінуге тырысам. 

Таңертең ұйқыдан оянғанда ең бірінші нені/кімді ойлайсыз?

  Бір кісіні, ол кісі түнде жұмыс істегендіктен қашан келді екен, бәрі жақсы ма екен деп ойлаймын. 

Қазіргі қоғамдағы қазақ қыздарының рөлі қандай , көңілініз толама, көбісі шет елге еліктеп бара жатырған жоқпа?

Көңілім толатын толмайтын да кездер болады, бірақ мен "адам бәріне құқылы, өз өмірін өзі құрады" деген ұсатаныммен жүретін адам болғасын адам кемшліктерін көп байқамаймын. Бірақ түсінгенім, жасы келе ақылы тола келе кез келген қыз өзін түзеп алады. Қоғам қандай қызды қаласа, ол сондай болуға тырысады. Батыстықтан гөрі қазір маған шығысқа еліктеу басымырақ болып келе жатқан сияқты. Сондықтан адам ды емес, қоғамды түзету керек. Заман талабына қарай, адам да өзгеріп отырады.  

 

Көзбояушылықты қалай түсінесің? Оны өзгеден байқаған, көрген, білген, сезген сәтте өзіңнің әрекетің қандай болады?

Көзбояшылық деген меніңше болса өмір сүрудің бір әрекеті ғана сияқты. Әр кімнің өз санасына ғой. Мен оны көп байқаймын, бірақ екеуінің арасын ажырата білгендіктен де көбіне үнсіз қабылдаймын. Бірақ, шектен шығып кеткен сәттерде бірден айтып салам  

 Кекшілсің бе?

жоқ десем болады, тез ұмытып қала берем ренішімді. 

Өміріңіздегі ең қатты қуанған және мұңайған сәтіңіз туралы айтып беріңізші.

Қуанған сәттерім әкем мен шешем күле қарап, көңілдері көтеріңкі риза болып отса сол сәттер мен үшін ең бақытты сәттер. Ол кісілер мұңайса сол сәттер ең мұңайған сәттерім. 

"осы әлеуметтік желіден кетпесем" деген ойларыңыз бола ма?

 Ой ондай ой жиі болып тұрады. Тіпті айына бір рет десем де болады ))). Тіпті интернет, блог әлемінен кетіп барып қайтып оралған кездерім болды. Түсінгенім уақытша кете алам, бірақ ұзақ уақытқа емес. Себебі, ол әлемде достарым да, таныстарым да, жақсы деп таныған адамдарым да бар. 

(Нүрзия әлеуметтік желіден кетеді, асықпай күт))))))

Сұрақтарыңызға көп рахмет! Шынымды, айтсам бұндай сұрақтар болады деп күтпеп ем. Қызығушылық танытқандарыңызға рахмет! деп хатын аяқтапты)

Айконаның екпін онлайн журналындаа берген сұқбатын оқи отырыңыздар

Келесі сұрақтарыңызға жауап беретін блогерлерді тағы бір мәрте таныстырып өтейін Сәния Қуанқызы және Ли О Ма (дурыс жаздым ба атын). сұрақтарыңзды форумның мына жеріне қоясыздар.



Бөлісу: