Бәрімізге белгілі шығар, «Айқаптың» қазақтың тұңғыш журналы екендігі, ал «Қазақ» газетінің ел тарихындағы алғашқы газеттердің бар екендігі. Газетте ұлы тұлғаларымыздың еңбектері жарияланған екені.
Қос басылымда, елім, жерім үшін жүректерін жұлып беруге дайын алып, азаматтар басқарды. «Айқап» журналының редакторы – қоғам қайраткері, Мұхамеджан Сералин болды. «Қазақ» баспасөзінің тізгінің ұстаған, «қазақ халқының ұстазы» ақиық ақын, Ахмет Байтұрсынұлы болды. Көп мәліметтерде екі басылымның арасында қатты бір жанжал болды деген қауесет тарап кеткені де бар. Бірақ та, жалған қауесеттерге құлақ түрмей «Айқаптың» және «Қазақтың» табиғатына үңіліп танығанымыз жөн болар.
Мұхамеджан Сералин «Қазақ халқының мұқтаждығы» мақаласында, жер мәселесі туралы үлкен проблеманы көтеріп, ауыл қазақтарына білім беру идеясын ұсынды. Ал, «Құрметті оқушылар» атты мақаласында, халық соты, әйел теңдігі, балаларды оқыту, сайлауға таласу секілді мақалалар жарияланып отырған. «Айқап» егін шаруасына қолайлы жерлерге қала салуды қуаттап, халыққа шамасы келгенше түсіндіру мақсатын ұстанған басылым еді. Тағы бір тұста «Айқап», көшпелілектен бас тартып, отырықшы боламыз. Отырықшы болған ел оқуға мүмкіндік алады деген пікір білдіреді. Осы ұстаным дары «Қазақ» газеті екеуінің арасында келіспеушілікті тудыртты. «Қазақ» газеті болса, патша үкіметінің қазақтарға 15 десятинадан жер беріп, отырықшы қылуға итермелеуі жайлы баяндап жазған.
Қорыта айтқанда, екі басылымның мақсаты бөтен емес. Екі басылымда қазақ халқын биікке сүйреп, азат елге айналдыруға ұмтылыс еді. Сондықтанда екі басылымның басшыларының арасында жанжал болды деген сияқты қате пікірден аулақ болсақ, дегім келеді.
Мақсут Амина