Айқап журналының қоғамдық саяси мәселелері
блог
«Әй, қап!»- деп, санын соғып қалған қазақтың басынан біраз жайттар өткен болатын. Айқап қазақтың мұңын жырлап, саясатын төңкерген. Журнал редакторы Мұхамеджан Сералиннің өзі де журналға біраз еңбек сіңіріп,қаламұш қалдырған.
«Айқап» журналы қарайтын басты мәселелер– жер дауы, жесір дауы, мал шаруашылығы. Журнал өз кезінде үздік журнал болды. Қалың қазақ, әр оқырман журналды асыға күтіп, үзбей оқыған. Журналдағы басты мәселе– жер мәселесі. Жердің проблемасын шешу аясында түрлі мақалалары жарық көрген. Журнал беттеріндегі жер мәселесі екенін алға тартып, отырықшылықтан егіншілікке көшуді қажет деп есептейді.
Журнал редакторы– М. Сералин патшаның отарлау саясатына баса назар аударып, оны жұртқа түсіндіруде білгірлік танытқан. Осы аяда, яғни жер мәселесі бойынша Сералиннің өзі де мақала жариялап отырған.
«Айқап» журналының қоғамдық-саяси мәселелері дәл халықтың жанының сызын ашып жеткізген. Халықтың жан-жарасына дауа бола білген журналдың бірі де, бірегейі.
Бақдаулет Рахманқұл
Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университетінің
студенті