«Айқап» журналында қоғамдық-саяси мәселенің жазылуы

 «Айқап» журналында қоғамдық-саяси мәселенің жазылуы

  «Әй, қап!» деп жүріп елдің мұңын елге жария қылған «Айқап» журналының тарихы да, қоғамдық-саяси мәселені аса назарда ұстаған.  Айқаптың бірінші бетіне елдегі жаңалықтар, екінші, үшінші беттеріне оқырман хаттары жарияланып отырған. Осы арқылы аудиториямен байланысты тең ұстай білген. Журналда өзекті мәселелер қозғалған. Мысалы, жер мәселесі, съезд, сайлау мәселелері ауқымды түрде түргізіліп отырды.

  Жаңа қарастыра өткендей жер дауы сол заманда үлкен проблеманың бірі болды. 1870-1890 жылдар аралығында ұйғырлар мен дүнгендер көшіп келді. Дәл осы жағдайдан кейін ұлттың араздығы туа бастады. Айқап журналының шығу тұсында тонаушылық саясаты белең алған тұсқа тура келген. Қазақ тарихындағы «Айқап» журналының орны ерекше, тарихымыздағы тың ақпаратқа қанық боламыз.

  Айқап журналында өзіндік пікір білдіріп, мақала мен еңбектерін журнал бетіне қалдырып жүрген мықты тұлғаларымыз біршама, десе де өзі редакторы бола тұра мақаласын журнал бетіне түсіріп жүрген- Мұхамеджан Сералин. Оның журнал бетіне жариялаған «Отырықшы болған қазақтар туралы» мақаласын кішігірім тоқталып, талдау жүргізсем. Жаңа болыстық соттардың білімсіздігі ме, әлде сараңдығы ма белгісіз. Мал дауының да, жер дауының да бағасы аспанға шарықтатып қойып алған. Мұны өз басым сараңдық деп білемін. Қолға билік келсе ар мен ұяттан құт кетеді. Арды да, ұятты да ысыра тұра бассыздыққа бет алғандары жөн де емес. Сонымен қоса, отырықшылықтың да өзіндік артықшыларын да баса назарға салып отырған. Дегенмен, «Біріңді қазақ, бірің дос көрмеген істің бәрі бос»,-демекші, қазақ халқымыздағы осы қоғамдық саяси проблемалар әлі күнге дейін белең алып жатқаны сөзсіз.

  Халыққа қызмет ету үшін негізі қаланған- «Айқап» журналы, қазақ халқына, қоғамына берген тың ақпараттармен танысамыз. Қоғамдық-саяси мәселелері де тасжүрек жүрегін жібіткендей ерекше, ыстық.



Бөлісу: