Айхай-25

Айхай-25
жеке
блог

Тұрмысқа шығып, үй болғанымда небәрі 18 ге енді толған кезім еді. Сол кездерде "25" деген бір керемет боп көрінетін.Содан бері міне 7 жыл да зулап өтіп кетті. Мейрамбектің "сағындырған 25-і" келді бізге де. Орыстар айтқандай туған күн "грустный праздник" деп, шынында солай болып бара жатыр. Мектепте оқығанда қашан мектепті бітіріп, студент боламыз,18 ге қашан толамыз деп ай санап, жыл санап жүргеніміз ақымақтығымыз екен ғой. Ол кезде ең басты проблема- сабақ еді. Болмашы үй жұмысына, тапсырылған рефераттарға бола мектептен безгіміз келетінін-ай. Мұғалімнің ұрысын көтере алмайтын едік, қазір өмірдің  тоқпағынан  қорқатын болдық. Қолдағының қадірі жоқ.Жастық шаққа қайта оралу мүмкіндігіміз болса ғой. Билетінің бағасына қарамастан сатып алатын ба едік.

 Сіздер ойлаған шығарсыздар 1 жасқа қартайғанына қиналды деп, жоқ, қартаю заңдылық қой, оған қамықсаң да қуансаң да қарсы тұра алмайсың бәрібір.

Мені қамықтырған басқа нәрсе. Ойланып отырмын, осы 25 жасыда не тындырдым, неммен мақтана алам, кімге қандай пайдам тиді, қандай ауыз толтырып айтатындай еңбек еттім? Қарап отырсам бұл сұрақтара толық жауап бере алмайтын сияқтымын. Көңілім сол үшін жабырқаулы.Сол үшін ұят қысып тұр.

 Бірақ бүгінгі Массагеттіктердің тілегі жанымды жайландырып қойды, Рахмет баршаңызға, рахмет бар болғандарыңызда. Менің Массагеттіктерім!!!