Айхай-25 №2...
блог
Біреу жеткен, біреулер арман еткен,
Еһ, 25, мен де сені көптен күткем...
Саған дейін мәз-мейрам сауық салғам,
Саған дейін өмірімнен мұң да өткен...
Қандай таудан аса алдым, асулардан,
Лайық па еді толқындай тасу маған...?!
Тағы да бір 25 бұйырса егер,
Бір ұшқын бар кеудемде басылмаған...
Мама, аяулы анашым, сізге мың алғыс! Білесіз бе, маматайым, сіздің жиырма бес жыл бұрынғы тоғыз ай толғатқан шаранаңыз бүгінгі күні ақылы біршама толысқан, өмірден кішігірім кедергілерден өткен, өмір-жолдың кедір-бұдырына аздап шалынып үйренген үп-үлкен қыз болды. Менің бұл жасқа жетуім алдымен Алла, сосын сіздің арқаңыз. Анашым, мені жарық дүниеге әкеліп, өмір сыйлағаныңызға көп-көп рахмет!!! Бүгінде бұл бұзығыңыз біреуді ренжітіп, біреуді қуантып, біреуді өкпелетіп, біреуге шаттық сыйлап, енді бірінің уақытын ұрлап, ал өзгеге өзі де уақытын, барын, назарын, махаббатын ұрлатып, жаны қамыққанда өзіңізсіз өмір сүріп жүргенін ойлап...қысқасы, өмір сүріп жүр...барынша... Асылым, сізсіз қуанып, мұңайып, шаттанып, өкіпелеп өмір сүріп жүргеніме ренжімеңізші? Енді қанша жасарым беймәлім. Дегенмен де, кеудемде кішкентай жүрегім соғып тұрған шақта, шыбын жаным денемді тастап шыққанша сізге деген алғысым мен рақыметімді жаудыра бермекпін! Аллаһым бізді жұмақта кездестірер деп үміттенемін. Анашым, мені туған күніңізбен...рахмет!!!