Әйгілі Шалкөде жайлауында бұрын соңды болмаған той өтті
блог
14 шілде күні Райымбек ауданының Шалкөде жайлауында керемет той өтті.
Панфилов ауданында Белжайлау, Райымбекте Шалкөде, Кегенде Қарқара жайлауы. Әр өңірдің өзіндік атын шығарған брендтік мекендері бар. Осының барлығы Жетісу жауhарлары.
Баяғыда бала кезімде ауылда бие байлағанда бие бау басында үлкен той болатын. Барлық үйлер бие байлаған үйге шәй, дастархан әкеліп "Байлар көбейсін" айтатын. Қазір бізде бұны Қымызмұрындық деп атап өтуде. Жалпы қазақ ең алғаш бие байлағанда құлынды ауыл азаматтары атпен қуып жүріп, шалмамен ұстайтын. Алғаш байланатын құлынды ешқашан қолмен ұстамайтын еді.
Бүгін әйгілі Шалкөде жайлауында Жетісу жүйріктері деп аталатын Қымызмұрындық мерекесі өтті. Шыны керек, бұндай тойды осында бірінші көруім. Әсері керемет. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. Жайлаудың ауасы, даласы бәрі балалық шағымның иісін әкелді. Қарасаздың қара суын ішіп, бесті биенің бал қымызына сусындадық.
Қымызмұрындықты ел мемлекеттік мерекеге айналдырса этно туризмге жол ашылғалы тұр.
Бізде көрсете алатын дәстүр бар, көркем табиғат бар. Керемет мерекелер, төл ойындарымыз бәрі-бәрі бар. Юнеско тізіміне енген Қымызмұрындық мемлекеттік мереке тізіміне енсе Рухани жаңғыру сол болар еді.
Жетісу жер жәннаты!
#Жетісужауhарлары