Әйгілі балуан қазақ спортындағы өзекті мәселелерді көтерді

Әйгілі балуан қазақ спортындағы өзекті мәселелерді көтерді
жеке
блог

Алматыда қазақтың әйгілі балуаны, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов журналистермен кездесіп,ел спортындағы өзекті мәселелер жайында пікірін білдірді.

Баспасөз мәслихаты бастала салып, Дәулет Болатұлы  қазргі күндегі елдегі жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресіндегі жасалып жатқан іргелі жұмыстар мен жетістіктерді тарқата айтып өтіп, тобықтан тартып тұрған түйінді мәселерге де тоқталып өтті. 

Мені қазіргі кездегі ел спортындағы көптеген өзекті мәселелер толғандырады. Айталық, Спорт пен Мәдениеттің қосақталып жұмыс істеп жатқаны дұрыс емес,өйткені, мәдениеттің өзіне қатысты мәселелері жетіп жатыр. Сол секілді спорттың да өз алдына өзекті мәселері бар. Сондықтан екеуі де бөлек шаруашылық болғандықтан бөлінуі керек. Сонымен қатар,Спорт министрі Дәурен Абаевқа айтарым, үлкен спортқа аймақтарда бөлінетін қаржы мәселесіне қайта назар аударса деймін. Бүгінгі күні оқу-жаттығу жұмыстарын өткізу барысында  көптеген кедергілер туындап жатады. Мысалы, күрес түрлерінде ғана емес барлық спортта бәсекелес қарсыластарсыз спортшы өспейтінін туралы баса айтқым келеді. Біз бүгін  жаттықтырушыларымызды қайыршының күйіне әкеліп жеткізіп отырмыз. Елімізде спортшылардың жарыстарға дайындалуына тиісті жағдай жасалмаған.Сондықтан да спорт саласы үлкен қиыншылқтарға тап келіп отыр. Айталық, бапкерлер барып басшылықтан, комитет пен олимпиадалық даярлау орталығының есігін ашып, оқу-жаттығу жиынын өткізу туралы қаражат қажет екенін сұраса, ақша жоқ деген жауап алады. Мысалы, грек-рим балуандары Ислам ойындарына барып, Қазақстан 10 салмақтың 4-де ғана қатысты. Ал, қалған салмақ категориясында қаржы жоқ бөлінбеген. Сонда не бұлай, не бұлай емес қалай деп түсінуге болады. Мен осы орайда премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановқа еліміздегі бұқаралық спортқа, жоғары жетістіктер спортына бөлінген қаржыға тексеру жүргізу туралы үндеу жолдағым келеді»-деп даңқты балуан  өз ойын ашық білдірді.

Дәулет Болатұлы сонымен қатар, жаға-жай күресін (Пляжная борьба)  дамыту бүгінгі кезде күн тәртібінен маңызды орын алып отырғанын айтты. Қазіргі таңда, әлемде осы күрес түріне шындап кірісіп жатқанын айта келіп, заман ағымынан кеш қалмай елімізде де осы жаға-жай күресін дамытуды қолға алу керектігін алға тартты.

Сонымен бірге, Дәулет Болатұлы алдағы айда  Сербяның  Белград қаласында күрес түрлерінен өтетін Әлем чемпионатына қатысатын  Ұлттық құраманың  балуандары туралы да біраз ақпар беріп өтті. Негізі ел спортындағы өзекті мәселелерді көтерген даңқты балуанның әрбір айтқан сөзіне қосылуға тура келеді. Расыменде өңірлердегі спортқа бөлінетін мемлекет қаржысы тістегннің аузында, ұстағанның қолында кетпеуі керек. Қажетті қаржы көзі аз бөлініп,  жетер жеріне жетпей жатқандықтан спорт қана емес әрбір салада мәселе туындап жатқанын көріп жатырмыз.

Сондықтан да Дәулет Болатұлының жоғары билікке жүрекжарда үндеуі өте дер кезінде болып отыр деп топшылауға болады. Өйткені, бар өмірін күреске арнап, спорттың тайқазанында біте қайнасып өскен әйгілі балуанның  көтерген мәселесі өте өзекті әрі маңызды. Сондықтанда халықтың  көкейінде көптен бері жүрген бұл мәселеге ат үсті қарауға болмайды. Ендеше, бұл үндеуге билік дұрыс көзқараспен жауап берер деген сенімдеміз.

Ақын  ОРДАБАЙҰЛЫ