Әйелдер асыл жандар

«Еуразия» бірінші арнасының эфиріне сенбі күні 22:30-да шығатын «Кешкі кездесу» бағдарламасы құлпырған көктеммен бірге келетін 8наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналады.

Мерекелік бағдарламаға өз саласында үздік атанып, топ бастап жүрген қыз-келіншектер қатысты. Бағдарлама қонақтары – отыз жыл бойы дәрігер болып қызмет атқарған Доғдыргүл Молдахалықова, полиция қызметкері Ләйлә Әріпбаева, өзі студент бола тұра, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаумен айналысатын Торғын Асан, қырық жасында сегіз балалы, бір немерелі болып үлгерген Гүләйым Сағидолла.

Күлімдеген көктемнің өзіндей құлпырған аруларымызды төл мерекелерімен құттықтаймыз!



Бөлісу: