Әйел теңдігі – әлемдік мәселе
блог
Қазақстан Республикасының Ата заңының 14-бабы 2-тармағы:
«Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды»
Бүгінгі қоғамда этногендерология саласы жайлы жиі сөз қазғалып жүр.
«Гендер» деген сөзді көп адам дұрыс түсіне бермейді. Көпшілік бұл терминді ер адамға қысым немесе әйелдің билікке таласуы деп қабылдайды. Ал, шын мәнінде гендер деген – ол әйел мен ер адамның қарым-қатынасы.
Әйелдер қауымы ғаламшар халқының жартысын құрайды, бұл адамзат әлеуетінің жартысына тең. Олардың жалғыз қалауы гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізу. Өкінішке орай, ерлер әйелдердің толық құқығына қол жеткізу үшін ұзақ жолдан өту керек.
Гендер туғаннан бастап беріледі . Мысалы, ер балалар мен қыздар арасында түстердің бөлінуі(көгілдір түс- ер балаларға, қызғылт- қыз балаларға) Немесе Ерлер-отбасы басшысы, әйел - мінсіз ана, ошақты сақтаушы.
Бүкіл әлем бойынша әйелдер ерлер қауымына қарағанда қамқорлық жасау үшін ақы төленбейтін жұмысты екі-он есе жиі жасайды. Осыған байланысты әйелдер көбінесе оқуға немесе ақша табуға уақыт бөлмейді.
Осы жағдайға БҰҰ Бас ассамблеясы ерекше мән беріп, 1975 жылы Мехикода әйелдерге арналған бірінші дүниежүзілік конференция ұйымдастырды. Конференциядан кейін 1976-1985 жылдар аралығы Әйелдер онжылдығы деп мақұлданды және арнайы қор құрылды. Содан 1979 жылы БҰҰ-ға мүше 187-ден аса мемлекет әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөніндегі конвенцияны қабылдады. Оның ішінде Қазақстан да бар.
Қазақстанның Конституциясы адамды жынысына қарап кемсітуге тыйым салады. Соңғы жылдары осы бағытта бірқатар стратегия мен заң қабылданды. Атап айтсақ, 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының гендерлік теңдігі стратегиясы әзірленіп, 2009 жылы Ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заң қабылданды. Бұған қоса 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жарияланды.
Гендерлік теңдік экономикалық өсуге ықпал етсе де, экономиканың өсуі гендерлік теңдікке қол жеткізуге көмектеспейді. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп, айналасын үйлестіріп, жарастырып отырған әйелге өзіне тең дәрежеде, зор құрметпен қараған абзал.