"Әйел орны - асүй"?

"Әйел орны - асүй"?
жеке
блог

Күнделікті ел арасында, өзімнің құрбыларымнан да жиі-жиі еститінім  – “әйел орны – асүй” пікірі. Бұл мәселе жайлы басқа елдерді талқыламай, біздің елде тоқталуға шақырамын. Ал қазір бұл пікір жайлы ойыммен сенімен, құрметті оқырман, бөліспекшімін.

Мен осы пікірмен келіспеймін. Менің ойымша, қазіргі таңда еліміздің әр азаматы мен азаматшасының өз өмірін өзінің жоспарымен құрастыруға құқығы бар. Әйел адамның жанұядағы орны болсын, қанша жаста тұрмысқа шығуы болсын, ажырасу және тағы да толып жатқан мәселерге әр адамның өз пікірі бар. Сол пікірді айыптауға елдің құқығы жоқ. Жарайды, мен бас мәселеден біраз ауытқып кеттім. Әйелдің тірлігі асуйде екенін кім шешті? Бұл ел аузындағы сөздің қайдан пайда болғанын іздестіріп, талқыламаймын, талқылағым келмейді де. Себебі, ол маңызды емес.

Мен бірақ сұрақ қойғым келеді. Неге еліміздің көпшілігі осы пікірді дұрыс деп санайды? Осы сұрақты сол адамға дәл сол мезгілде қойсаң, өздері ойланып тұрып, “өйткені солай дұрыс” деп жауап береді. Несі дұрыс? Егер біздің сүйікті әйелдеріміз бір іспен айналысып, адамдармен қарым-қатынасып, асүйдің төрт бұрышынан басқа ел, жер көргісі келсе, неге біз оған шек қоямыз? Сүйіктілерміздің арманын қию, сол дұрыс па? Сол таңда басымызда айланып жүретін ой – “ел сөйлейді, үйде отырсын”. Сонда біз осының бәрін ел үшін істеп отырмызба? Әлде өзіміз үшін бе? Қазір ойымды жеткізіп көрейін. Кейбір азаматтар әйелдерін қызғанып, үйде отырғызып қояды. Осы азаматтарды “сырттан өзінен жақсы біреуді тауып алады”, тіпті “көзге шөп салады” деген ойлар мазалайды. Құрметті оқырман егер осы ойларды өзіңе бауырлас көрсең, мәселе сенде. Мұның түбі жақсылықпен бітпес.

“Әйел – отбасы ошағы” және “әйел орны – асүй” деген екі түрлі пікірді шатастырмауымыз қажет.