Әйел қауымынан шыққан алғашқы журналист

Әйел қауымынан шыққан алғашқы журналист
жеке
блог

Сонау 19-шы ғасырдың ортасынан бастау алған журналистиканың түп тамыры тереңде жатыр және бұл ғылымның дамуына көптеген тұлғаларымыз аянбай еңбек етуде.Өз кезегімде Алаш арыстарымен иық тірестіре жүріп,ағарту ісінің дамуына үлес қосқан,тұңғыш әйел қауымынан шыққан журналист-педагог Назипа Құлжанова жайлы сөз қозғағым келіп отыр

Құлжанова Назипа Сегізбайқызы 1887 жылы 27 шілдеде Қостаннай облысы Жангелдин ауданында шаруа отбасында дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған орыс мектебінде оқып, кейін Торғайдағы әйелдер гимназиясында оқуын жалғастырады. Уақыт өте келе мұғалімнің көмекшісі болып жұмыс істеген.

Ата-анасы еркінен тыс оны өзге адамға атастырып қояды.Бұл шешімге келіспеген Назипа Құлжанова Петербург қаласынаң жоғарғы сотына арыз  жазады.Бұның өзі- Назипа апамыздың көзі ашық,көкірегі ояу,білімді әрі батыл қыздарымыздың бірі болғанына тағы дәлел.Себебі ол заманда атастырып қойса,қарсылық білдіру түгілі,арыз жазу ешкімнің ойына келмеген.Ал бұл жағдайда тіпті алғашқы рет әйел теңсіздігіне байланысты сот жүргізілді.

Кейіннен Құдай қосқан жары Нұрғали Құлжановпен танысып,бірін-бірі ұнатып,қосылады.Екеуі бірге 1902 жылы Семей қаласына көшіп келіп,мұғалімдер семинариясында ұстаздықпен айналысады.Назипа Қүлжанованың алдынан Мұхтар Әуезов,Қаныш Сәтбаев,Жүсіпбек Аймауытов және Әлкей Марғұлан секілді ұлы тұлғаларымыз білім нәрімен сусындап өткен. Менің ойымша, Назипа Сегізбайқызының. Назипа Құлжанова болып қалыптасуы осы кезден басталады.

Тіпті, Семейде құрылған Орыс-географиялық қоғамына Нұрғали Құлжановпен бірге қатысушы болып,алынды.Айта кететін жайт,137 қатысушының арасында тек жалғыз әйел-осы Назипа Құлжанова болған.

1914 жылдың қаңтар айының 26 жұлдызында Абай Құнанбаевтың қайтуына 10 жыл болуына орай қос тілде әдеби кеш өткізеді. Назипа Құлжанова-орыс халқына Абайдың өлеңдерін аударған Абайтанушы.Ол алаштың арыстандарымен жіті араласып отырған.Тіпті Ахмет Байтұрсынов,Сұлтанмахмұт Торайғыров Назипа апамызға арнап өлең жолдарын арнаған.

Қазақ халқының көзі ашық,білімді болғанын аңсап,ана мен бала арасындағы қарым-қатынас пен бала тәрбиесіне аса көңіл бөліп,кітап жазып қалдырған.Журналистиканың негізін қалаған,ағартушы,педагог Назипа Құлжанова жайлы қазіргі жастарымыздың білмейтіндігі көңілге қаяу түсіретіндігі рас.Назипа Құлжанова,Алаштың арыстандарындай қазіргі таңның өзінде де жастарыз болса,Қазақстанның дами беретіндігіне күмәнім жоқ!