Әйел аңқау болуы керек екен
блог
Сәлем Масагеттіктер, достарым, туыстарым)))
Блок жазбағалы біраз болды.
Менің бүгінгі жазғым келіп отырған бір мәселем бар. Менің өмірден бір түйгенім, қыз бала тұрмысқа шыққанда кішкене ақымақ, аңқаулау бола білуі керек екен. Неге дейсіздер ғой. Себебі әйел «мен бәрін істей аламын, мен қатырамын, қырамын, жоямын» деген сайын еркектегі жауапкершілік азая береді екен. «Ой қатын аштан өлтірмейді, тым құрығанда төркінінен болса да тауып әкеледі» деген ой қалыптасады. Тіпті жоқтан бар жасап, /орысшалап айтқанда «из гов*а сделать конфету» дегендей / жанталасамыз, әйелдер қауымы. Ал пысық әйелдер «үйде продукты жоқ, тамақ жасамадым» деп міз бақпай отыра береді екен. Сондайлардың еркегі жанталасып продуктысын да әйелінің қамын да жасап жүреді, байқағаным. Ешқашан анауым жоқ, мынауым жоқ, алтын, шуба, көйлек әпер деген емеспін. Сондықтан болар, киімім де алтыным да жоқтың қасы. Бірақ әрине бұған да шүкір дейміз. Ал сондай талаптарды қоя білетін әйелдер шалқып жүр қарасам. Осылардың бәрін ескере келе, өзгермекші болдым... қолымнан келмеді. Істей алмадым. Егер осылай талап қойғысы келген келіншек, басындааа үйленгенде, тіпті үйленбес бұрын талаптарын, қажеттіліктерін айтып үйрену керек. Ал басында жұмсақ ұстап, кейін ренішіңді айтып түзетпек болып сөйлесең «тәлпіштенбеші» деп күлетін болады. Қыздардың құлағына алтын сырға.
Кейде үйде от жағылмаған, отын жарылмаған болып жатса «ештеңе етпейді жара салам ғой, жаға салам ғой» деп жүре береміз. Сосын еркекте «жара салады ғой, жаға салады ғой» деген түсінік қалыптасады. Біздер еркекті өздеріміз бұзамыз. Еркек деген тұңғышың сияқты. Тәрбиелеуді қажет етеді екен.
Тіпті кейбір еркектер бір емес екі жұмыс істеп жанталасып жүреді. Олар не отбасын қатты ойлайтын, не әйелінің сөзі өтіп кеткендер сияқты. Әйелінің ананы әпер, ақша тап, анда апар, мында апар деген сөздерінен қашып, безіп жұмысты пана тұтатындар да бар. Олар үшін ең бастысы қатынының аузының жабылғаны. Олар көңіліне қарап, ренжітіп алуға батпай жүреді.
Қысқасы қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін әлі білмеймін. Не де болса бақыттарың баянды, ұрыс-керіссіз болсын!!!