Әйел адамның дүниедегі ең бір жаман қасиеті

        Осы әйел адамның бойындағы ең бір жек көретін қасиетім өсекшілдік. Өзімнің айналамда осылай өсекқұмар қыздар, айел азаматтар толып жүр. Кейде бетіне былш еткізіп айтып-айтып тастағың келет, әрең дегенде өзіңді басып, тынышталасың. Жаныңа келіп, сенің бірдеңе білетініңді біліп, өтірік мүләйімсіп, іші-бауырыңа кіріп бірдеңе айтама, артық бірдеңе білемба деген оймен жылмаңдаған кезде, сенен ештеңе біле алмай калғандағы түр-әлпетіне қарап, менің бір көңілім сондай масайрап қалат. Жарайт уй шаруасында отқан әйел азаматтарымыз іші пысып, үй тірліктерінен шаршағандықтан осылай өсекке құмар болар, ал мына жап-жас қыздардың өсек айтқанына таң қалам. Фууу, өсекшілерге ашу-ызамды айтам деп өзімде бір сіздерге өсек айтып отырғандай болып кеттімгой, жарайт бітірейін. Жазба ұнайма, ұнамайма ол жағын ойлаған жоқпын, жазып жатқан кезде, жай өсекшілерге деген іште жиналып қалған ызаны кағаз бетіне түсіргім келген, шынын айтайын жеңілдеп қалдым))) Сіз өсектен, өсек сізден аулақ болсын!



Бөлісу: