ӘЙЕЛ

          Әйел - таусылмайтын, бітпейтін кітап сияқты.Оны өміріңнің соңына дейін оқып біте алмайсың. Әйелді толық зерттеген адам жоқ шығар, сірә...  Жалпы әйелмен сөйлесу, әйелді тәрбиелеу - ол да бір саясат. Заманына қарай, қоғамына қарай, әйелді тәрбилеу де өзгеріп барады. Қазір әйелдер билік құрған заман болып бара жатқан сияқты.

Баяғыда ауылда ағаларымыз әйелдерін «ыммен» тәрбиелеген. Бірақ бірден тірлік «ыммен» біте берген жоқ, әрине. «Ымға» жету үшін біраз қыруар жұмыс атқарылады екен. Оны біз біле бермейтін едік. Баяғыда ауылда Балтабай деген ағам болатын. Ауылға барғанда, үйде Балтабай ағамыз отырса,  жеңгеміз зыр жүгіретін. Ағамыздың дауысын жеңгеміз анадайдан естісе болды, тыпыршып, көзі алақ-жұлақ етіп кететін. Аяғы жерге тимей, ағамыздың жағдайын жасап жүгіретін.  Сол ағамызбен бір күні қойдың жүнін қырқып отырмыз. Өзі қалжыңға жақын еді. Қойдың төрт аяғын байлап, жүнін қырқып отырғанбыз. Ана бейшара қой маңырап жатыр. Сонымен, қойды қырқып отырып ағамның көзі маңырап жатқан қойдың ауызына түсіп кетіп: «Қарашы мына қойдың ауызына, тістері жеңгеңнің тістеріне ұқсап кетіпті, иә» деп ыржалақтады. Жеңгеңнің де тісі осындай ғой – деп ыржиды. Қойдың тісіне қарасам, тістері әр жерден бір қалыпты. Жеңгелеріміз дұрыс сөйлемей қалса, бір тістен айырылып отырған екен ғой. Мінез көрсетіп қалса, бірден тіс кетеді екен. Кейін-кейін тістен айырылмау үшін дұрыс сөйлей бастаған екен. Шіркін, жеңгелереміз сонда да тісі жоғын білдіртпейтін еді ғой. Күлгенде де тісі бар жағымен күлетін. Тістері мүлдем жоқ болса, ауызын қолымен жауып күлуші еді. Бертін келе ол «үрдіс» бізге де жетті. «Қатынды бастан» дегенді ойға түйіп алғанбыз. Үйленгенше қатты сөйлемей жүресің. Сосын, қыз табалдырықтан аттаған соң, өзгеріп  шығасың. Қыз да өзгереді, жігіт те өзгереді. Арпалыс басталады. Кім лидер? анықтау керек. Сол бір шайқастарда, әйел тілге көнбей кеткенде, баяғы ағаларымыздан қалған «үрдіс», «өсиет» кетеді. «Мә, ей» деп ауыр жұдырықты тастайсың. Бір тісі кетеді.  Ана әйел «ойбайлап, зарлап, кетемін де, кетемін» деп жатады. Сол кезде, тағы бір рет «мә, ей» деп  біреуін жібересің. Тағы бір тіс ұшады. Сол кезде ғана жаңағы әйеліңнің үні өшеді.  Бірақ бұл істі жастық шақта, күш-қайрат барда ғана істеп қалады екенсің. Кейін есейесің ба,  әлде әйел қулығын асыра ма, қолды көтере алмай қалады екенсің. 40-50 жасқа дейін беріспей келесің, 40-50-ден асқанда, әйел аздап жеңе бастайды екен. Бір ситуацияларға  жас кезде аларып, жұдырық алып жүгірсең, 50-ден асқанда көзді жұма салатын мінез пайда бола бастайды екен. Мақтайды, арбайды, әйтеуір амалын тауып  жеңеді.  Жас кезде сындырған тістерін де қайта салдыртып алады. Алтын тістерден. Осылай өмір-бақи әйелмен күресіп өтеді екенсің.. 

     Бір күні, бір отырыста өзіміз қатарлы Ауған деген жігіт «Шәке, осы сен ел аралап жүрсің ғой, көп көрген боларсың, менің бір сұрағыма жауап берші» деді. «Иә, тыңдап тұрмын» дедім. Әйелінен түңіліп кетсе керек. «Осы, әйел қу ма, әлде түлкі қу ма?» деді. Мен абдырап қалдым. Түлкі қу дейін десем, әйелдің қулығы көп сияқты. Әйел қу дейін десем, түлкі қулау сияқты болып көрінді. Сонымен отырыс біткенше жауабын таба алмадық. Жауапсыз қалды. Циркта айтқанына көнбейтін, қолға үйрете алмайтын екі хайуан бар екен. Ол – қасқыр мен түлкі. Әйелді де толықтай қолға үйрете алмайсың. Соған қарағанда әйелдің қулығы түлкіден кем түспей ма деймін.

Әйелді жеңе алмайсың. Жеңдім, жеңіп тұрмын дегеннің өзінде, бәрібір қулық-сұмдығымен, айласымен айтқанын істетеді.

Бірақ біздер әйелдермен өміріміздің жартысына дейін күресіп өтсек. Қазіргі жастардың көбісі тізгінді бірден беріп қояды екен. Келін үйге түскеннен билігін құра бастайды. Қазіргі келіндер саясаты, алдымен бөлек тұрудан басталады екен. Қалада тұру. Інілеріміз де жұмсақтық танытып, жетегінде кетеді. Тым еркелетіп жібереді. Келіндерден аса алмайтын інілеріміз көп. Жастар нәзік болып кеткен сияқты.  Қазіргі жастардың сөздеріне қайран қаласың. Әңгіменің басын «жаным» деп бастайды. «Жаным ананы әперіп жіберші, жаным мынаны істеп жіберші» Үйде де, көшеде де «жаным». Қастарында үлкен бар-ау, қария тұр-ау демейді. Ұят жоқ «жаным». Сосын, тағы оны қысқартып «жан» дейді. «Жан, бүгін үйге ерте кел» Інілеріміз үйге «жа-а-ным» деп кіреді. Баяғы ағаларамыз «жаным» демек түгіл жеңгелеріміздің атын да көп айта бермейтін. «Ей,қатын» дейтін, болды. «Қатын» дегенге жеңгелеріміз де мәз болып жүре беретін.

Енді, біз де ағаларымыз сияқты «қатын» деп қоятынбыз анда-санда. Бірақ «жаным» деп екі сөздің арасына қыстырмайтынбыз. Бір ситуациялар болады, енді,  мойындау керек, амалсыз, еріксіз «жаным» деп қалатын. Оны да, араға жылдар салып, сағындыртып, ешкім жоқ кезде айтып қалатын едік. Ол сөзді айтқанда, іш алаулап, жүрек тулап кететін. Шіркін, ол сөзді соншалықты күттіртіп айтасың, бір айтқанда әйел байғұс балқып, ырқыңа көніп  кете беретін еді ғой. Соншалықты құдіреті бар еді, ол сөздің. Қазір «жаным» деген жай бір сөз болып қалды.

    Әйел туралы дана ата-бабаларымыз жақсы жағын да, жаман жағын да айтып кеткен. Әйел туралы қазақта мақал көп: «Әйел бір қолымен бесікті тербесе, екінші қолымен әлемді тербейді»,  «Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шықты»    «Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді,Жаман әйел жақсы еркекті жүдетеді.». «Жақсы қатын – ырыс, Жаман қатын – ұрыс». «Бір қатынның айласы қырық есекке жүк болған» т.б.

Бәрі- әйелдің қолында.



Бөлісу: