"Коңыр күзбен біз күңіренемізде жүреміз" адам көңіліне ауа райы әсерін тигізбей қоятын емес, бірақ осы күрең күзден жандары жай табатындар да бар. Әрине, бәрі мен емес қой, барша жұрттың талғамы менікіндей емес қой, қайран көгілдір көктем!!!
Көктемнен күш қуат алып, жайнап жадырай түсетін кезім бұл менің. Өмір сүргім-ақ келіп, айналаға ғашықтық көз қараспен қарап, ғанибет бір күйде жүрем....Әй сол көктем тым алыстан қол бұлғап тұрғаны - ай...Қыстың күні қақаған аязды күні, яғни жаңа жылда дүние есігін ашқандықтан қарша қыз атанып жүрмін. Енді әрине қарша қыз жаңа жылды тағатсыздана, күн санап күтеді ғой... Дәл сол 20 жылда болмаған өзгерістер орын алатын сияқты биыл осы маған. Үміттенемін...Үзбеймін үмітті... Жетпіс -ақ күн қалды жаңа жылдың да есік қағуына, неге біз сол бір күнді айлап күн санап күтеміз. Расымен, аяз ата дәл менің арманыма қанат бітіретіндей, сыйлық жасамайтынын да білеміз ғой біз онын, бірақ, күтеміз бір ғажайыптың болатынынына сенеміз. Менің өкпем қара қазандай жаңа жылға, аяз атаға да. Мені осы күні неге бір шарапатқа бөлемейді. Әне күтем міне күтем, жалыққан емеспін күтуден. Бастап та кеттім екі ай бұрын күн санауды. Жұрттан қандай сыйлық алтынымды да біліп отырамын, зарықтырған жалықтырғаннан басқа дым сыйламадын. Жиырмадан ары асуға емес асыққаным, жоға кімнің қартайғысы келеді дейсін. Менің күткенім сенен басқа бірдене, бұл жолғы арманым тіптен басқа...Бірақ кімнен не үшін деген сұрақ тағы мазалайды)