«АЯЗ АТАНЫ» ЖЕК КӨРУ

«АЯЗ АТАНЫ» ЖЕК КӨРУ
жеке
блог

  

Бірінші сыныпқа барғанда алғашқы қоңырау соғу салтанатына ие болғаным есімде. Сосын мектеп өміріндегі алғашқы Жаңа жылымды ұмытпаймын. Мен Ақшақармын. Айғайлап Аяз атаның келе жатқанын көпшілікке хабарлауым керек. «Алақай, алақай, Аяз ата келе жатыр!». Бала қиялымда «сыйлықты көп әкелетін Аяз ата бар» деген ұғым қалыптасқан. Аяз ата шынымен келеді деп ойлайтынмын. Неге екені даладан емес, мұғалімдер бөлмесінен – «терезеден адасып кіріп кеткен» Аяз атаны бар болмысыммен шын деп қабылдайтынмын. Мәз болып қуанатынмын да...

Бірақ бірде... Ұмытпасам, екінші сыныптың Жаңа жылында болуы керек, мұғалімдер бөлмесінде Аяз атаның киімін киіп жатқан Кәмаш апайды (мұғалім) көріп, қаттым да қалдым. Жек көріп кеттім барлығын. Кішкентайларды алдайтыны үшін үлкендерді жек көрдім. Бала қиялымдағы Аяз атаның бейнесін быт-шыт қылғаны үшін Кәмаш апайды жек көрдім. Жек көру сезімі менің кеудеме осылай қонақтады. Бұдан кейін ертегілер елінен келетін Аяз атаны күтпейтін болдым. Кейін, неге екенін, өзімнің ұлым Асқардың сәби санасына Аяз ата образын қабылдап өсуіне бәлендей күш салғым келмеді. Ол мен сияқты «романтик» емес те еді...