Аяз атаға хат

Аяз атаға хат
жеке
блог

Құрметті Аяз ата! Басқалар сіздің өтірік екеніңізді, өмірде жоқ екеніңізді айтса да, түптің түбінде мен сіздің бар екендігіңізге шын мәнінде сенемін. Сонымен қатар мен сізге кішкентай кезімде түрлі тәттілер қалайтынымды айтып хат жазатынмын. Менің хатымды көріп сіз маған іші түрлі тәттілерге толы қорап сыйлайтынсыз. Бірақ бір өкініштісі үнемі мен ұйықтап жатқанда келетін едіңіз. Есейе келе менің талап-тілектерім де өсе бастады. Бұрынғыдай кәмпиттер сұрамайтын болдым. Мен сізден ұялы телефон , компьютер мен түрлі ойын аппараттарын сұрап хат жазатын болдым. Әлдекімдер маған сіздің өтірік, өмірде жоқ екеніңізді айтса да құлақ аспайтынмын. Үнсіз ғана сыйлығымды күтіп жүретін едім. Бірақ бұл сыйлықтарды сіз емес ата-анам сыйлады. Менің қуанышымда шек жоқ еді. Бірақ бір ой маза бермейтін. Неге сыйлықтарды сіз емес, ата-анам сыйлады. Сөйтсем сіз ата-анамның құлағына сыбырлап, менің тілегімді жеткізген екенсіз.

Құрметті Аяз ата! Қазір мен есейдім,бойжеттім. Маған қазір тәттілер мен ұялы телефонның мүлде керегі жоқ. Маған денсаулық, қажыр-қайрат,бақытты өмір керек. Бірақ сіз материалдық сыйлықтар сыйлай алғаныңызбен, рухани байлық пен денсаулық сыйлауға қауқарсызсыз. Сондықтан да мен сізден денсаулық сұрамаймын, мен сізге рахмет айтқалы хат жазып отырмын.

Құрметті Аяз ата! Менің балалық шағымда ұмытылмастай естеліктер қалдырғаныңыз үшін көп рахмет. Сізге мың алғыс!