Аяз атаға хат
блог
Аяз ата! Мен ешқашан сізге арнап хат жазып көрмеппін. Қанша таңғажайыпқа сенсем де, қызыл шапанды Аяз атаның ДШ-дан беретін ағай екенін білетінмін, сенбеуші едім. Сондықтан сізден ешқандай сыйлық сұрамаймын.
Сіз бұғылары жоқ Аяз атасыз. Біздің бала кезімізде айтатындай таулардың ар жағынан арып-ашып келмейсіз. Сізді басқа жақта тағы да көп балалар күтіп отырмайды. Сіз сыйлық толы қапшық арқалап жүрмейсіз. Себебі сіз ешкімге ұқсамайтын ерекше Аяз атасыз. Сіздей Аяз ата ешкімде жоқ. Сіз менің ғана Аяз атамсыз. Сіз менің көптен күткен таңғажайыбымның өзісіз. Менің ертегі әлемімсіз.
Сүйікті Аяз атам! Маған сізден ешқандай миллирадтарға сатып ала алмайтын сыйлықтар қажет. Күннен күнге өрши түсетін сезіміңіз, мені көрген сәтте жадырай түсетін жүзіңіз, бал татитын еркелеткен сөзіңіз, Алла жазса шаңырағымызды шаттыққа толтырар бөбектеріміз – осылардан қымбат қандай сый болуы мүмкін өмірде?
Ең, ең, ең басты жаңажылдық сыйлық – деніңіз сау, басыңыз аман болып жыл он екі ай жанымнан табылуыңыз және жақындарымыздың амандығы. Өткен жыл бізді табыстырды, естен еш кетпестей өтті. Келер жылдарды екеуміз армандайтындармен қарсы алғаймыз. Папаның тілегі қабыл болсын, «Тәңірі бергенін алса да, берерін алмасын».
Пы.Сы.: Өзіңіз еккен шыршаның түбіне балапандарымыздың қалауын қоятын күнге жеткейміз!
Сіздің жалғыз Ақшақарыңыз.
22.12.17. 01:50