Аяз ата жоқ

Аяз ата жоқ
жеке
блог

Жылдан жылға жаңа жылдың мәзі кетіп бара жатыр. Бала күнімізде ата-анамызға жалынып жүріп 1-2 ай бұрын бір құшақ салют сатып алып қоятынбыз. Аяз атаға сенбесем де бір көріп қалуға асығатын едік. 2013-ті қалай қарсы алатынымызды көре жатармыз, әзірге жоғарыдағы тақырып бойынша бір оқиғаны айтайын:

10-сыныпта оқып жүрген кез. Бұрынғы балабақшаның ғимаратында орналасқан мектептің оқушылары да көп емес. Мектептің қызметшілері мен мұғалімдерінің балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік шараны ұйымдастыру біздің сыныптың мойнына жүктелді. Кеш кейіпкерлерінің киімдерін табу 9-сыныптағы Нұрсұлтанға тапсырылды (анасы театрда жұмыс жасайтын еді).

Кішкентай залда жаңа жыл кеші басталып кетті. Балалар өздерінше мәз. Мыстан кемпір, шрек, ақшақар, тышқан, т.б. кейіпкерлерді көргенде қалайша көңілі көтерілмесін. Ал біз сыртта аяз атаның киімін күтіп әлекпіз. Ақшақар болып жүрген Айдана: "балалар, Аяз ата келмей жатыр, ренжулі сияқты, тағы да тақпақ айтайық, сол кезде келіп қалар" деп алдарқатып қояды. Тақпақты 2-3-тен айтқызып, балалардан бар білерін шығарып алдық. Аяз ата "әні келед, міні келед" деп ұйымдастырып жүрген біздер де сеніп жүрміз. Киімді алып келуге кеткендер ұялы телефондарын көтермейді. Мана біразда "міне, енді алайын деп тұрмыз" деп еді. Балалар сонша күткенімен, шараға берілген уақыт та аяқталды. Балалар тышқан жылын аяз атасыз қарсы алды.

Кештің қосалқы кейіпкерлерінің киімдері бір күн бұрын келген еді. Ал Аяз ата киімі бос емес болғандықтан, келесі күні дәл кеш басталарда келу керек еді.