Ардақты апа-әжелер, ақ жаулықты аналар,
аяулы жеңге-әпкелер, арулар, қарындастар, құрбылар!
Барлықтарыңызды келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтаймын! Көктемдей құлпырып, жадырап-жайнап жүріңіздер! Шаңырақтарыңыз қуаныш пен шаттықтарға толып, төрлеріңізден ырыс-ынтымақ арылмасын! Алла сіздерге ұзақ әрі бақытты ғұмыр нәсіп етсін!
Ізгі ниетпен, Нұрлан Албан