Баяғыда, осыдан бір 4-5 жыл бұрын түсімде сол уақыт жүріп жүрген жігітімді көрдім. Жалғыз емес, жанында шашы иығына түскен қыз бар екен. Сырттарынан көріп қойыппын. Жігітім ол кез жырақ, теңіздің аржағында оқуда. Сөйтіп, хабарласып "Осылай да осылай, түс көрдім" деп айтып бердім. Ол күліп, қайдағы жоқты көресің, түс -түлкінің боғы деді де қойды. Расымен, түске сеніп, оған сенбегенім ба деп өзімді жұбаттым да, ұмытқандай болдым.
Екі жыл өте оқуын аяқтап әлгі жігітім оралады. Арамыз тамаша. Отбасылы боламыз деп қоямыз. Сөйтіп, бір күні лаптопын аралап отырып, ішінен бірнеше сурет көрдім. Төбемнен мұздай су құйып жібергендей болды. Суретте әлгі жігіт түсімде көрген қызбен тұр. Жай тұрмағаны анық шығар. Сурет тап сол кездердің суреті екен. Не дерімді білмей, шокта болдым. Лаптопты жауып, дым болмағандай отырдым. Жігіт келіп, түрің бозарып тұр, не болды деп қояды. Ешнәрсе дедім де, кетіп қалдым.
Содан кейін қарым-қатынас қирай бастады. Айтып отырғаным ол емес-ау))) Мәселе түсте болып тұр. Бекер емес түс болғанын кейін білдім. Бірақ, ештен кеш жақсы демекші. Қазір түстерге аса мән берем)) Әсіресе, тура өңімдегі секілді, анық түстер болса))))