Аялдама немесе Етістіксіз өмір...
блог
Кезекті автобус, жүздеген үміт, мыңдаған арман... Осы орын қаз қалпында, адамдар басқа, өзге махаббат, бөтен ой. Кітаптағыдай жаңа тарау, ал бірінде тек абзац. Жүректе мұң – тарау. Қуаныш – абзац. Махаббат – ақ парақ...
Кезекті автобус... жаңа партия, аялдама – фабрика. Мұнда, мұңсыздар аз, олар...жеке көлікте, олардың уақыты жылдам, бақыты басқа... Мәселен: көлік – бақыт, қайғы – қарапайым аялдама. Бақыт қолда, қадірсіз. Аялдамада да бақыт бар, қанағатсыз
Абзац маңызсыз; Бұл кеште маңызды – ақ парақ. Заман басқа – «махаббат». Арзан және адал. Сана саяз, сезімде сондай, дін нашар, хал харам. Бұлардың пұттары – қалтафон! Алыс қашықтықта, адал сезім, шынайылық ада (бірақ сенімсіз)! Суретте діндар, сезімдері ыстық, ай ақылды ғой шіркін. Сурет – сәтті сәт. Өмірде – зомби. Мұңсыз өмір. Шынайы өмір... Көгілдір экранның ар жағы – шынайылық. Өмір майданының жауы – ғаламтор! Зар заманның баламасы, сөзсіз!
Кезекті автобус...Жаңа ой! Шіркіннің жанары шырақтай..
-Сәлем!
-«Құлаққап»
Келбетте сұрақ?
Сырты бүтін, іші түтін! Ол жұлдыз...тек витруалды! Жүздеген лайк, шексіз пікірлер! Анайы сурет, опа далап – Әлем аруы! Қоғамда бар ғой?... Етістіксіз өмір!!!
құрметпен: Бекжан Санжар
11 желтоқсан