Аялдама!!!
*
Сәл кідірткен аз уақытты көп сініп,
Шуылдаған,гуілдеген көпшілік.
Барын шашып,такси күткен қалталы.
Аз ақшаны мүсе тұтқан жұртшылық.
*
Бір-бірінін артына кеп соқпастан,
Машиналар алма кезек тоқтасқан.
Біріні –бірі бірі итерген адамдар,
Бір көлікке мінер-мінбес боқтасқан.
*
Орындықтар ауыспайтын өзгеден,
Жас жігіттер ,кыз көңілін Көздеген.
Ана екеудің әңгімесі бітпейтін,
Мына екеудің шаруасы жоқ өзгемен
*
Өр мінез –ай йілмейтін тіксініп.
Бір-біріне өгей қарап қырт сынып.
Автобустың есігінен асыға,
Түсіп жатқан,мініп жатқан жұртшылық.
*
Ерік беріп,аз уақытқа шамалақ,
Ұйқысы кеп есінеген жамағат,
Бірін-бірі отырғандар ағалап!.
Бірін-бірі отырғандар табалап!!
*
үлкен,кіші,қарты жасы аралас,
Көбісінің жастары бір шамалас.
Мақсаттары-күту және жөнелу.
Одан өзге әрекетке амалы аз
*
Табан тіреп көпшіліктің жанына,
Сан мың ойды ұялаттым жаныма,
Аялдама,өміріне көз тастап,
Дәптерімді шимайладым тағы да....