Аялдама

Аялдама
жеке
блог

Аялдама!!!

*
Сәл кідірткен аз уақытты көп сініп,

Шуылдаған,гуілдеген  көпшілік.

Барын шашып,такси күткен қалталы.

Аз ақшаны мүсе тұтқан  жұртшылық.

*

Бір-бірінін артына кеп соқпастан,

 Машиналар алма кезек тоқтасқан.

Біріні –бірі бірі итерген адамдар,

Бір көлікке мінер-мінбес  боқтасқан.

*

Орындықтар ауыспайтын өзгеден,

Жас жігіттер ,кыз көңілін Көздеген.

Ана екеудің әңгімесі бітпейтін,

 Мына екеудің шаруасы жоқ өзгемен

*

Өр мінез –ай йілмейтін тіксініп.

Бір-біріне өгей қарап қырт сынып.

Автобустың есігінен асыға,

Түсіп жатқан,мініп жатқан жұртшылық.

*

Ерік беріп,аз уақытқа шамалақ,

Ұйқысы кеп есінеген  жамағат,

Бірін-бірі отырғандар ағалап!.

Бірін-бірі отырғандар  табалап!!

*

үлкен,кіші,қарты жасы аралас,

Көбісінің жастары бір шамалас.

Мақсаттары-күту және жөнелу.

Одан өзге әрекетке амалы аз

*

Табан тіреп көпшіліктің   жанына,

Сан мың ойды ұялаттым   жаныма,

Аялдама,өміріне көз тастап,

Дәптерімді шимайладым  тағы да....