Аялдама

Аялдама
жеке
блог

Сөмкемді арқалап аялдамаға таяп келемін. Күндегіге қарағанда бүгін адам көп. Біреуі газет оқып, енді біреуі тағатсыздана автобус күтуде. Мен де келіп,сол көп адамның санын толтырдым. Біраз тұрған соң маған керек 27-нші автобус келіп тоқтады. Жұртпен бірге солай қарай асықтым. Автобусқа міне бергенім сол еді, ішінен бір жігіт оқша атылып, алдындағылардың бәрін қаға-соға сыртқа жүгіре жөнелді. Мені қатты итерді білем, шалқалақтап құлауға аз қалдым. Иығымдағы сөмкем жерге түсіп, ішіндегісінің бәрі шашылып қалды. Не істерімді білмей тұрып қалдым, әлгі жігіт:

- Кешіріңіздер, асығыс едім кешір,-деп артында тұрған маған жалтақтап жүгіре жөнелді.Қараңғыда лап еткен оттай дауысы да,өңі де маған бұрыннан таныс секілді.Дене бітімі тығыршықтай,өзі әдемі екен.Жарқыраған жұлдыздай қос жанары бір нәрсені сезгендей немесе мені кінәлай қарағандай ма?!Әйтеуір,бөтендігі бола тұра мен үшін мейірімді жылы көздер.Қолында бір шоқ гүл.Не де болса,сүйген қызы бар деп жобаладым.Тапжылмай әлі бір орында тұрған маған жұрт таңырқай қарап,айнала өтіп жатыр.Онымен менің шаруам болмады.Екі көзім әлгі жігітте.Кенет артымнан:

  -Қарындас,сөмкеңізді алыңыз,-деген дауыс естілді.Шашыраған ойымды енді жиып,жерде жатқан сөмкем мен шалшық суда жатқан дәптерлерімді жинай бастадым.Жүрегім әлденеге тарсылдай соғып,қолым да дірілдейтін сияқты.Еркімнен тыс екі көзім де жаңағы жігіт кеткен жаққа қарағыштай береді.Дәл қазір бәрін тастап сол жігіттің  артынан жүгіріп кеткім келеді.Қызық-ақ!Мен танымайтын,бейтаныс бір жігіттің осыншама көңілімді еліткенін айтсаңшы!

   Ал,сіздердің бастарыңыздан мұндай жағдай өтті ме?