Сарапшылар балаларға арналған ұлттық музыкалық «Аялаған Астана» телевизиялық байқауының республикалық іріктеуінің финалистерінің есімдерін анықтады.
Осы жылғы іріктеу кезеңдеріне Қазақстанның 16 қаласынан дарынды балалар қатысты. Олар: Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Қостанай, Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Семей, Көкшетау, Петропавл, Астана қалаларының өнерпаздары. Бүлдіршіндер әділқазылар алқасына өздерінің туған өлкелерін таныстырып, өнер көрсетуге бел буды. Іріктеуге 8-12 жас аралығындағы барлығы 1000-ға жуық бала қатысты.
Өте қиын іріктеу кезеңінен кейін жартылай финалға ең дарындылар ғана өтті. Олардың қатарында: Луиза Нұркуатова (Ақтау қ.); Замира Сағадиева (Зеренді с.); Дания Ишанқұлова (Орал қ.); Мұхамедали Жүгінісов (Астана қ.); Ділназ Төлеген (Қызылорда қ.); Диас Омар (Қызылорда қ.); Анастасия Першикова (Павлодар қ.); Жахан Қабыкен (Астана қ.); Малика Самағұлова (Павлодар қ.); Ділнұр Біржанова (Қарағанды қ.); Ғалимұрат Әбдіманапов (Астана қ.); Жанайкерім Өтегенова (Қостанай қ.); Алдияр Орекен (Екібастұз қ.); Ясмин Мажитова (Алматы қ.); Сағынған Қуанған (Астана қ,); Әділет Мейрамбеков (Астана қ.).