Халық әндерінен бастау алып, шетелдік Рианна, Бейонсе, Мэрай Кэри сиқты танымал жұлдыздардың әндерімен жалғасты.
Болашақ жұлдыздарға Данияр Өтеген мен Кентал бастаған тәлімгерлер барынша қолдау көрсетті. Олардың үміткерлермен пікір алмасып, қалжыңға тартуы жиналған халықты таң қалдырмай қоймады. Өнерін көрсетуге келген бір балаға жетекшілер күтпеген жерден сұрақ қойды:
- Әнді керемет орындайды екенсің, барлық қыздар сенің артыңнан жүгіретін шығар?
- Жоқ, ағай, маған қыздармен жүруге әлі ерте.
- Сонда қалай, Астанада өтетін финалға барғанда не істемексің, ол жерде қыздар көп болады ғой?
- Финалға анам рұқсат етсе ғана барамын!!!
Міне, Қостанайдың балалары тек дарынды ғана емес, тілалғыш келеді.