«Аялаған Астана» шығармашылық тобын қызылордалықтар үлкен дайындықпен қарсы алды. Таңертеңнен бастап, А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінің алдында үлкен кезек тұрды.
Алғашқы үміткерлердің көрсеткен өнерінен-ақ, Сыр өңірі тума таланттарға тұнып тұрғанын көруге болады.
Мерекенің басты қонағы – жұлдызды тәлімгер, Қызылорданың тумасы Алмас Кішкенбаев. Өнер адамының алдында ән салып, ақыл-кеңесін тыңдап, бірге суретке түсу жерлестер үшін үлкен қуаныш еді.
Кезекті өнерпаздың керемет орындалған әнінен кейін, Алмас жас жеткіншектің ұстазының кезінде өзі тәлім алған өнердегі жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі - Қаракөз Ақдәулетова екені белгілі болды.