«Аяла» қайырымдылық қоры

Періште сәби мен ата – ананың арасына мызғымас көпір болып , көмекке зәру болған жандарға қол ұшын беріп демеп келе жатқан «АЯЛА» қайырымдылық қорына биыл 14- жыл толды. 2007 жылы өз жұмысын бастаған қор бүгінгі таңда мейірімділік пен қайырымдылықтың символына айналып үлгерді. Қор әрекетінің негізгі бағыты балалық ауруханаларға, емханаларға, босану үйлері мен санаторияларға көмек көрсету болып табылады. Қордың алғашқы үлкен жобасы Алматы қаласының балалық қалалық клиникалық инфекционды ауруханасының (БҚКИА) реанимациялық бөлімін жабдықтау болды. Бұл жабдықтар реанимациялар қызметкерлеріне көптеген ауыр халдегі балалардың өмірлерін сақтап қалуға көмектесіп үлгерді. Сонымен қоса қайырымдылық қоры білікті дәрігерлерді оқытуға да өз үлесін тигізіп келеді.

Негізгі жобалары

«Аяла» қайырымдылық қоры 2 бағыт бойынша адамдарға көмек қолын созып келеді. Бірінші кезекте Сәбилерді емдеп , денсаулықтарының нығаюына ат салысса , екінші жағынан жоғарыда айтылып кеткендей сауатты, білімді маман дайындау үшін түрлі жобалар ашып оларға ізденіс жағынан көмектеседі. Бүгінгі таңда 6 түрлі жоба жұмысын атқаруда:Балалар емханасымен перзентханалардың реанимация бөліміне керек медициналық құралдар орнатуға арналған«Өмірге дем берейік» жобасы , гипоксиямен туған баланың 60% мүгедек болады. Оның алдын алу үшін денені тез суытып, бір қалыпта ұстайтын құрал  Емдік гипотермияға арналған қор, медициналық мамандардың біліктілігін арттыру жобасы «АЯЛА» академиясы, арнайы балабақшалар мен интернаттарды балалардың емделуі мен күнделікті өміріне қажет құралдармен қамтамасыз етуге арналған 4D – жақсы іс жасайық жобасы, дамуында кемістігі бар ерекше балаларға арналған арнайы білім беру мекемелеріне оңалту, түзету және басқа арнайы құрал-жабдық алып беру «Ерекше балаға – ерекше көңіл» жобасы , интернат және балалар үйлерінде әртүрлі шеберхана ашу, әртүрлі мамандықтармен таныстыру, шеберлік сабақтар мен курстар ұйымдастыратын «Кәсіпке баулу» жобасы .

Қор жетістіктері

Аталмыш қор 14 жыл ішінде  242 медициналық және білім беру мекемелері : перзентаханалар , перинаталдық орталықтарға, балалар ауруханаларына, емханалар мен санаторийлерге, сондай-ақ сәбилер үйлеріне, балалар үйлеріне, түзету мектеп-интернаттарына және балабақшаларға 3,4 млрд теңгеге көлемінде қаржы бөліп  көмек  көрсетті. 13 дәрігер Оңтүстік Кореяда біліктілігін арттыру курсынан өтіп , медицинадағы білімін шыңдады. 700 дәрігер Қазақстанда неонатология және балалар медицинасы бойынша арнайы тақырыптарда дәріс тыңдады.

«Аяла» қайырымдылық қорының балалар денсаулығын нығайтуға қосқан үлесі- тұтас қоғамның жетістігі.Көп түкірсе көл демекші , жұмылған жұдырықтай болып жиналған мейірімді халықтың арқасында қаншама бейкүнә балақайлар өз дерттерінен айығып , түрлі түске толы өмірлерін әрі қарай жалғастырып жатыр.  

 

Бисенова Рысжан

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті , журналистика кафедрасы 3 –курс

 



Бөлісу: