Аяқтан өтіп бойды алар, суық күннің ызғары

Цистит (лат. cyctіtіs; грек. kystіs — қуық және іtіs — қабыну) — қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. циститпен балалар да, ер адамдар да, әсіресе әйелдер жиі ауырады. Бұл аурудың негізгі себебі аяқтан өткен суық болып табылады. Бұл ауруды уақытылы емдемеген жағдайда бедеуліктің бастауы болуы мүмкін. Қазіргі кезде бұл аурумен қыз-келіншектер көп ауырады. Сән қуамын деп суық күнде қысқа киіп, джентельмен боламын деп қыстың қақ ортасында туфли киетіндер үшін бұл ауру таңсық емес. Сондықтан барлық уақытта денені жылы ұстап, суықтап қалмауға тырысу керек. Жалпақ тілмен айтқанда «бұл ауру созылмалы түріне өтіп кетсе, өмір бойы басыңа сор болып жабысады».

Емдеу жолы:

 Иіс шөп (петрушка) дәнін 100 грамм, ноқаттан (горох) 100 грамм алып, екеуін қосып ұнтақтайды да, осыны 1 килограмм балға қосып араластырады. Осыны күніне бір шай қасықтан төрт рет қашан сауығып кеткенше жеп жүреді. Кешкілікті уақыт иіс шөпті қайнатып, қан жылым суына 10 күн бұлауланады.

 Немесе бір килограмм қарандызды тоғыз литр суға он сағат қайнатады. Сол су қанжылым болғанда ішіне отырып бұлауланады. Одан шыққан соң жылқының майымен бел, қуық үстін сылайды. Қазының сорпасын ішкізіп, шөл басарға шайқурай мен мыңжапырақтың ыстық суға бұқтырған тұнбасын береді. Емдеу мерзімі – бір жеті.

 

P.S. Қазіргі кезде ер балалар мен қатар қыздарда да бедеулік артып келеді. Ұлт қамын ойлап, демографияға үлес қосып, дені сау ана болып, дені сау ұрпақ тәрбиелеймін дейтін қыз-келіншектерге айтарым: “денсаулықтарыңызды қазірден бастап күтіңіздер”.



Бөлісу: