Кеш жарық! Қалдарыңыз қалай? Мал-жан аман ба? Сіздермен бір оқиға жайлы бөліспекпін. Жазда «официантка» болып әжептауір табыс тапқанмын. Енді қысқы демалысым біткенше, қайтадан сол жерге шақырып алды.
Бұл оқиғаның бастауы еді… Өйткені, бұрынғы танитын балалардың көбісі ауысып кетіпті. Олардың орнына қамқоршысы жоқ (жетімдер үйінен) 2 ер баланы алыпты. Біз сияқты өте қарапайым жандар. Жақын танысып, бір-бірімізге ашыла бастадық. Негізі, бірге жұмыс істейтін коллегалармен әрқашан дос болу керек. Бұл болашақта үлкен рөл ойнайды. Басында олардың қайдан шыққаның білмедім. Маған бірі Америка мен Украинаға барғаның айтты. Ата-анасымен бақытты екенін жасырмады. Сондағысы… бұл қоғамнан бөлінбеудің амалы екен. Олар әрқашан жылы ошақты армандайды. Бірақ ешқашан беттеріне аяушылық дегенді көрсетпеуге тиіспіз. Себебі, ұнатпайды.
Ал, екіншісінің психологиясы аздап қиындау. Қиын дегенде оны әзер түсінемін. Қалжыңдары да бір түрлі, ерсі. Бірақ ол өте сезімтал. Менің ренжіп қалғанымды немесе өтірік ашуланғанымды тез біліп қояды. Соған қарамастан кеш бойы олардың қастарынан шықпай, әр қимылдарына зер салып жүрдім.
Сөйтіп, мен нені ұқтым. Олар бізден ерекшелеу… Көзқарастары, ойлаулары, ересекке тән қылықтары бар. Қорғаныштан жасалған қамалда өмір сүреді. Оны бұзған кезде ғана өздеріне жақын тартады. Достық, махаббат, қол ұшын беру, қалжыңдасу барлығын кейбір адамдар ойыншық ретінде немесе қалыпты жағдай ретінде түсінеді. Ал, оларға бұл үлкен сыйлықпен пара-пар. Қайтағы сыйлық, құрмет дегенім дұрыс-ақ! Біз сияқты келесі күні ұмытып кетпейді. Бауырмал, тек түсіне, түсіндіре білу керек.