Ай-Жүрек
жеке
блог
блог
Мені шын сүйген едің, жоқ күмәнім,
Қос жанарың моншағын төкті қалың.
Қолды бұлғап,үндемей қала бердің,
Сезіміңнің қабылдап соққыларын.
Сырын тыңдап отырмын сотқар Айдың,
Сен дегенде жарықтық тоқтамайды үн.
Ұялы телефонға сақтап қойған,
Хаттарыңа,СҮЙГЕНІМ,көп қараймын.
Тәнті болғам ісіңе,қылықтым,әр,
Көз алдымда келбетің күліп тұрар.
Мына жердің бетінде мойындаймын,
Қыз табылмас өзіңді ұмыттырар.
Отырмысың ойыңа теріп кекті,
Ай сәулесі сендегі көрікті өпті.
Қызғаныштың төзе алмай ыстығына,
«Балмұздақ» сезіміміз еріп кетті.
Балы біткен өзіңсіз бұл еріннің,
Менсіз енді өмірді сүре білгін.
Өткен күнді еске сап, өлең жазып,
Бөлмесінде отырмын жүрегімнің...
авторы: Жандарбек ЖҰМАН