Ай-хай, 25!

Ай-хай, 25!
жеке
блог

Сәлем, достар! 

Бүгін бізде де той!

1987 жылы дәл осы күні Қазақстанымыздың батысындағы Теректі ауданының Аңқаты деген ауылында тобымыздағы кенжеміз Фархат туылыпты. Біздің ғана емес үйінің де кенжесі Фарикті нағыз жігіттік жас 25-ке толғанымен сіздермен қосылып отырып құттықтасақ па деп отырмыз.

Ал, Фархат, туылған күніңмен! Бұлқын атқан 25-ке толуыңмен!

Алдыңда талай мағыналы жоспарлар құрып, өнерде өз ізімді мен де қалдырсам деп жүрген талантты інімізсің. Ол тобымыздың шығармашылығына да тікелей қатысты жоспарлар екенін білеміз. Достығымыз ажырамасын! 

Ініміз ретінде сыйлаймыз өзіңді. Денің әрқашанда сау болып, еліміздің мақтан тұтар азаматы бол дейміз! Нағыз сенімді достарың көбейсін! Жолыңда тек жақсы жандар кездессін!