АЙ-ДАНА

АЙ-ДАНА
жеке
блог

Ғашығым-ай,

 Асылым-ай,

Қаймана,

Сені мақтан тұтып жүрем қайда-да.

Бірақ-бірақ,

 Бұрынғыдай сүймеймін,

Айып етпе,

Ұнатамын жәй ғана.

 

Ғашығым-ай,

 Асылым-ай,

Қаймана,

Ұтқыр болған,

Тұтқын болғам,

Айлаңа.

Сені-дағы бағындырар бір жігіт,

Барып келіп жатыр адам Айға да.

 

 

Ғашығым-ай,

 Асылым-ай,

Қаймана,

Сеніменен теңдесе алар, Ай ғана,

Күміс күлкің,

Бәрі мүмкін,

Дегенмен,

Сұлулықты қолданбағын пайдаңа.

 

Қия алмаймын, құба таңым, Айдана,

Сүйе алмаймын, ұнатамын, жәй ғана.

           АРМАН ҚҰДАЙБЕРГЕН