«Авторы-Абай!» деуден абай болайықшы...

           Бүгінде арналарымызда міндетті түрде жұлдыздар қатысуы тиіс интеллектуалды бағдарламалар төбе көрсетті. Солардың бірі- «Білгірлер отауы». Аты айтып тұрғандай бұл сайыс қатысушылардан білім мен көрегенділікті талап етеді. Ұлт арнасының төрінен сенбі күні,түс мезгілінде орын алатын бағдарламаның кезекті шығарылымы болып жатыр екен. Баршаға мәлім, жүргізушісі-Нұрлан Әлімжан. Мәселе бағдарламада да, жүргізушіде де емес... Қатысушыларда! Бағдарламаның бұл шығарылымында әншілер мен «ұшқыштар» яғни, ұшақ қызметкерлері білім жарыстырды. Төрт кезеңнен тұратын бағдарламаның бір кезеңінде кезек «ұшқыштарға» беріліп, Нұрлан мырза сауалына дұрыс жауап аларына сенімді жүзбен: «-«Махаббат,қызық мол жылдар» кітабының авторы кім?»,-деген сәтте «ұшқыштардағы» ортадағы қыз (сәл ойланып): «-Абай!»,-демесі бар ма?! О заманда,бұ заман баршаға мәлім Әз-атамның туындысын шатастыру ,әсте, мүмкін бе? Абайдың: «Есіңде бар ма жас күнің,..»,-деп басталатын жырында   «Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар?»,-деген тармақтар кездесетін еді. Осымен шатастырды ма екен?! Әй,қайдам... Жүргізуші не етерін, не айтарын білмей аңтарылып қалды да : «-Жарайды, көмектесейін: Автордың есімі Ә-ден басталып, Н-ға аяқталады»,-деді,(десе де таба алмады).


         «Білмесең-үндеме!»,-деуші еді атам.. Рас, керек жерде нақты екеніне көзің жетпесе, үндемеудің өзі дұрыс жауап емес пе? Қысқасы, Әзілхан Нұршайықовтың туындысын һәм кітабын хакім Абайдікі деп шатасудан, «Авторы-Абай» деуден абай болайықшы..!

                                                                                                                           Әлия ІҢКӘРБЕК



Бөлісу: