Автоматты бесік

Автоматты бесік
жеке
блог

Бала жыласа өздігінен тербеліп,  өздігінен бесік жырын айтатын бесікті Астаналық студент жігіт ойлап тауыпты дегенде қатты қуана қоймадым. Әрине ол жігіт жарады, бірақ қазақтың аналары қай кезде болмасын, мейлі шапқыншылықта да, мейлі қарбалас тірлікте де балаға көп көңіл бөле білгенБар мейірімімен бесік жырын айта отырып балаға  аналық  ықыласын берген. Ананың тәтті үнін естіген бала да анаға мейірімді болып өседі емес пе?  Ал электронды бесіктен шырқалған электронды саздың үні құлтемір, яғни робот сәбиге айналдырады. Оның үстіне  шақалақтың денсаулығына  түрлі радиотолқындар да әсер етеді деп ойлаймын. Кез-келген сәби бір жасқа, әрі кетсе бір жарым жасқа дейін бесікте жатады. . Тәуелсіздігіміз бізе бесікті бейбітшілікте тербетуге мүмкіндік берді емес пе? Қазір алып бара жатқан қыруар жұмысымыз жоқ. Бір қолымызбен әлемді тербеткеніміз де шамалы. Дым құрымағанда бесікті тербетуден шаршамайық.  Олай болса баланы жастан дегендей, ертең таяқтың ұшы аналарды өзіне тиместей, ойланайық. Бұндай «робот» бесікті әйел ретінде, ана ретінде құптамаймын.