Автокөлік әлеміндегі әйелдер
блог
Әйелдің рөлге ер адаммен бір уақытта отырғанынбірі білсе, бірі білмейді.Бірақ әлі күнге дейін әйелдердің көлік жүргізуінің дұрыс емес екеніне нық сенетін патриархалды мырзалар да бар. Сауд Арабия ғана ерлер көлік жүргізетін жалғыз ел болып қалған еді. Төрт жыл бұрын ол елде әйелдерге де рөлге отыруға рұқсат етілген. Сондықтан да, қазіргі таңда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынған елдер қалмады.Нәзік жандылар болса да, автокөлік әлеміне өзгерістер енгізу арқылы аттары тарихта қалған әйелдер де бар.
Берта Бенц автомобильді ойлап тапқан Карл Бенцтің әйелі болған. 1888 жылы Берта күйеуі құрастырған үш дөңгелекті велосипедпен ұзақ сапарға шыққан. Қашықтығы шамамен 80 км. Құрылғанына 2 жыл болған көлік сұранысқа ие болмағандықтан, жарнамалағысы келген. Ең қызығы, бұл туралы Берта күйеуінен жасырып, ұйықтап жатқан кезінде екі баласын алып, жолға шығып жүрген. Карл көлікке Motorwagen деген ат берген. Бұл туынды бүгінде бізге әлемдегі алғашқы көлік ретінде белгілі. Сол көлік тек қана шеберхана мен үйдің арасына ғана жарамды көрінген. Сонда да, Берта тәуекелге бел буып, шекарадан асып кетеді. Осының арқасында тарихта есімі мәңгі сақталды. Әрине, жолда біраз қиындықтарға тап болған. Соған қарамастан, Берта қалаған жеріне дейін жеткен. Саяхатына 12 сағаттан аз уақыт кеткен және орташа жылдамдықпен 9 км/сағ болған. Сапардан келе сала, күйеуіне кеңесін береді. Өйткені, Карл жұмысы сәтсіз шықса, тастап кетуге дайынтұғын. Осыған қарамастан, Берта күйеуін әрдайым қолдап, жұмысын соңына дейін жеткізуге көндіруге тырысқан.Берта өзінің күйеуі Карлдың бизнесін қаржыландыруға көмектескен. Соның арқасында ғана Карлдың ойлағаны жүзеге асып отырған. Әйелінің кеңесін ала отырып, көлік өндірісіндамытып отырған. Істеген жұмыстары бір қалыпты болып, төрт жыл ішінде ол өзінің 69 көлігін сатып, алғашқы төрт дөңгелекті моделін жасап шығарған.
Ал келесі есімі автокөлікке берілген әйгілі әйел Мерседес Еллинек туралы.Шын есімі Адриана Мануэла Рамона Еллинек.Оны үйіндегілер «Мерседес» деп атап кеткен.Испан тілінде мейірімді, рақымды деген мағынаға ие. Мерседестің әкесі кәсіпкер және дипломат болған. Мерседес ешқашан автокөлікке қызықпаған.Бірақ 1890 жылдары оның автокөлікке қызығушылы арта түскен. Сол жылы инженерГотлиб Даймлермен және автокөлік кәсіпкер Вильгель Майбахпен танысады. Еллинек екеуінің құрастырған өздігінен жүретін арбадан жақсытабыс табуға болатынын түсінді. Осылайша, Еллинек Франциядағы Даймлер автомобиль компаниясынуң мүшесі болды. 1899 жылы ол осы көліктердің бірімен жарысқа қатысуға шешім қабылдайды. Австрия- Венгрия консулы ретінде Еллинек жасырын түрде «Мерседес мырза» лақап атымен жасырын түрде сөйлеген. Осының арқасында сәтті маркетингтік қадам жасады. Жарнаманың арқасында мол табысқа жеткен. 1901 жылы Готлиб Даймлер қайтыс болғаннан кейін, 35 hp модельді Mercedes көлігі жарыққа шыққан.
39 жасында Адриана кенет түберкүлез аурымен қайтыс болған. Әкесі Эмиль Еллинек қызының лақап атын өзінің тегіне қосып алған екен. Сондықтан ресми түрде Еллинек Мерседес деп аталған. Қызының есімін тегіне ауыстыру осы уақытқа дейін ешкімнің ойына келмеген. Сол арқылы да тарихта есімі қалды.