Автобустағы өмір ... Менің суреттеуім бойынша

Мен №30 автобусқа кіріп, валедатор деген құралға 80 теңге салып жайғаса отырдым. (Мен жатаханда тұратындықтан менде проездной жоқ) Адамдар лық  толы болса, орын бомай қала ма деген ой болып еді, адам аз екен. Қуанып жайғастым.  Мен асығыс емес едім,себебі апкемнін үйіне барамын, бірақ  менің  қасымдағы « тате» асығыс  секілді, себебі сағатына және автобустың  жүргізушісіне көп қарады. Жүргізуші жас бала  1990 немесе 1992 жылғыдай көрінді(менің ойымша).Көзіне қара көзілдірік тағып, көк формамен отырып, ағылшынша өлең, біздің тілде рэп тыңдап отыр. Ол асығар емес .

Содан бір кезде жүріп кеттік. Бір кезде Атакентке келгенде жолаушылар лық толып адам көбейе түсті. Мен бір қарт орыс әжейге  орын беріп едім,  «Ой,спасибо дорогуша»деп жайғасты. Мен жымыйып риза болып қалдым. Жан- жағыма қарап адамдарды бақылай бастадым.

Екі апай қолдарында әдемі сөмке ұстап, бір әңгіменің қызығына түсіп әңгімені жіберді(алыста тұрғандақтан ештеңе ести алмадым ). Сөйтіп кезек  жас қыз-жігіттерге көзім түсті, оларға қарасам бір жаққа жиналып отырысқа бара жатқан сияқты. Одан артыма бұрылып қарасам, кішкене ғана бойлы, сары қыз қолына кітап ұстап, қысылып тұрсада барынша оқуға тырысып тұр. Бір кезде автобус  тоқтап, жаңадан жолаушылар кірді, жүргізуші  микрофомен жол ақысын төлеуді өтінде. Содан автобуста кіріп келе жатқанда көзіме бірден түскен жас қыз. Ол қыз қабағын түйіп бәріне менсінбей қарады. Мендегі ой неге ол қыз сонша өмірге ренжулі немесе біреумен сөзге келіп қалды ма екен кім білсін.... Қаншама адамдар, қаншама тағдырлар толасқан өмір-ай. Бұл мен суреттеген адамдардың көзіме түскендері ғана. Себебі мен келесі аялдамадан түсіп қалдым.

Автобус негізі қоғамдық көлік болғандықтан неше  түрлі истер, неше киімдер, неше түрлі адамдар көреміз. Ең бастысы автобуста жақсы көңіл күймен кіріп, сәл де болсын  адамдарға жақсы әсер қалдыруға тырысайық. (Сені көргенде өмірдегі күйбең тіршіліктен аз да болсын  аралып, сәл болсада өмірде бар екенін сезсін.) Кейде жылы сөздер де немесе жақсы қарым-қатынас адамға сенімділік береді. Автобуспен жүретін, қарындары аш болсада соңғы үлгіде киінетін қымбатты студенттер қоғамдық көлікте аз да болса жымыйып тұрыңыздар.Және басты айтарым үлкен кісілерге орын беріп сыйлаңыздар.))))  



Бөлісу: