Автобустағы "қояндар"
блог
Автобустың әлегі
Мен бүгінгі күні студентпін. Үйден шыққаннан – ақ студенттік өмірдің қызығы басталды. Ол қызық таңертеңнен автобуста басталады. Мен күнделікті 22 автобусқа отырамын. Себебі, тура үйімнің алдына тоқтайды. Кейде ұзақ күтіп қалатын да уақыттарым болады. Бүгін үйде отырып күттім. Мүмкін, келе жатқан дауысын есіп үлгеремін деп. Дала да суық болып, қар да жауа бастап, ұйқы да қанбаған. Күтіп отырғанымда әшейінде ақырын жүретін автобусым желдей есіп өтіп кетті. Үйден шығып үлгермей, келесі автобусты далада суықта тұрып күттім. Келесі 22 автобусқа отырдым. Ашулымын)) Жан – жағыма да қарап қоямын орын бар ма дегендей. Әрине, күндегідей орын жоқ. Студенттің күні осы) Университет пен үйдің арасы 2 сағаттық кейде кептеліс болмаса 1,5 сағаттық жолды алады. Маған келгенде, әрине, үнемі «ПРОБКА». Автобус жүргізушісі өзін құдды бір лимузин айдап келемін деп ойлай ма, лық толы автобусқа тағы да адамдарды мінгізумен әлек. Кондуктор «Жастар жылжимыз, орын береміз, жастар, қысылып жиналып тұрамыз» деп айқайлап ашуыма тигені. Жастарды бәрі шаршамайды деп ойлайды ма, қалай өзі? Осындай ашулы ойға булығып тұрған менің жаныма қысылып бір апа тұрып алды. Орын беретін жас та жоқ, тәтелер де жоқ. Апа маған қарап күліп, «Кәрі деп елеп жатқан ешкім жоқ қой мені. Мен де кемпір болып күннің суығында автобусқа тығылыстым – ау» деді. Мен де күліп қана басымды изедім. Үлкен кісі көре салысымен орын беретін қазір ешкім қалмаған – ау. Студенттердікі сол ғой, өтірік көзін жұмып ұйықтап қалады. Әрине, барлық студент емес))))
Автобустың артқы жағынан ұрыс естіліп жатты. Бір тәте ашуға булығып кондукторға тап беріп, ұрысып жатыр. Себебін білмедім. Дегенмен де, ондай ұрыстар ерсі әрі жабайы көрінеді екен. Тіпті, кей автобустарда ғайбат сөздерді де естіп жатамыз. Жүйкесі тозған ба деймін халықтың. Осындай «спектакльдермен» Тимирязева – Гагаринаға да жеттім – ау. 22 – ден түсіп бірден келесі автобусқа отырдым. 79 автобус ҚазҰУ – ға тура барады. 79 – ға отырып едім, Тимирязева – Манасаға келіп бұзылып қалмасы бар ма?! 5 – 10 минут күттім. Жүрмеген соң дәл сол сәтте аялдамаға келген 124 автобусқа отырдым. Біз студенттер қоян сияқты болдық қой. Проезднойдың арқасында бір автобустан екінші автобусқа секіріп жүреміз. Осылайша университетіме жеттім. Әлекке толы таңым осылай атып, кешке автобуста «езіліп» қайтамын. Шіркін, жеке көлігім болғанда ғой...)))))))