Соңғы кездері кондукторлар менен ақша алмайтын болды. Күнде жұмыстан қайтарда 53-ке мінемін. 80 теңгемді дайындап кондукторды күтіп тұрамын, ол болса менің қасымнан өтіп кетеді көрмей. Осыдан бастап-ақ менің басымда арпалыс басталады. «Көрмей кетті, бұл олжа, тегін баратын болдың» дейді бір арам ой. «Ақмарал, сен осындай ма едің?!», «Жолақы қымбат, айлығыңды бір айға әзер созып жеткізіп жүргенде бұл сеп қой», «Акемнің айтқан ақылдары қайда қалады», «Өзі ғой көрмей кеткен, сенің не кінәң бар», «Тәйт! Ақмарал, оқыған кітаптарың, түйген нақылдарың не үшін сонда, осындай практикада қолданбасаң». Ақырын кондукторға қарап қоямын, жүзі суық, көзі шегірейген орыс тате екен, шаршағандық, қажығандық байқалады. Сол суық жүз мен түсерде қолына апарып берген жолақымды алғанда мейірленіп шыға келді, разылығын айтып жатыр. Өзіме өзім дән риза болып үйге қарай аяңдадым.
Осындай жағдай үнемі болып жүр. Қазір іштей еш арпалыспай өзім түсерде бұрылып барып жолақымды беріп кетемін. Өстіп кондукторлардың арқасында ішкі аРРам ойларымды ауыздықтап, көздерін құрттым))) Адам болғасын чистоплотно АДАМ болайық деп)))