“Ашық жүрек” волонтерлардың қалалық жастар үйлестіру орталығының салтанатты түрде ашылу рәсімі барысында “Қазақстан Еріктілер Лигасы” қоғамдық қорының Шымкент қаласындағы филиалының төрағасы Жүнісбек Ердәулет Асқарұлы «Авицена» Көпсалалы медициналық колледжінің директоры Аршабаева Ғазиза Алмасбекқызымен өзара ынтымақтастық туралы “МЕМОРАНДУМ” жасасты
“Қазақстан Еріктілер Лигасы” қоғамдық қорының Шымкент қаласындағы филиалының төрағасы Жүнісбек Ердәулет Асқарұлы өз сұхбатында: “Ашық жүрек” жобасы Азаматтық бастамалар орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен волонтерлық тәжірибені бүкіл елге таратуға және кеңейтуге жол ашып отыр. Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды Волонтерлер жылы деп жариялаудан бастау алған бұл әлеуметтік жобаның әсіресе, жастарға берері мол деп білемін. Мемлекеттік пен үкіметтік емес ұйымдардың тарапынан жастарға берілетін мүмкіндіктер ата-бабамыздан келе жатқан жарқын дәстүрлеріміздің кейбір көріністерін еске салады. Жақынын жат етпеген, көршісінің көңілін жықпаған қазақы менталитетімізге бар жағынан сай келіп тұрған бұл жоба мемлекетімізде орын алып отырған кейбір мәселелердің күрмеуін шешіп, қолда бар мүмкіндікті пайдалануға оң әсерін тигізеді деген ойдамын” - деп өз ойын жеткізді