Мен үлкен сахнаға шықпақпын!!!
Бала күнімнен ән айтқанды ұнатамын. Бұл жай ұнату емес, ән айтпасам " басым ауырады". Көп әншілер сияқты "анаған қатыстьым,мынаған қатыстым" дей алмаймын. Себебі- мектепте тек би өнерімен көзге түсіп ,бір кештің өзінде ұлдың да қыздың да партияларын орындап жүрдім. Адам сияқты өмірімде концерт "көрген емеспін"...Артта киім ауыстырумен өтетін уақыт хеххе. Би өнерін ешкімнен үйренбедім. Әрине, үйірмеге қатысу арман болды. Өкінішке орай үйірме болмады. Өзіме өзім үйірме болдым, ұстаз да өзім!
Солай жылдар өтіп, "БИШІ Қазына" атағына ие болдым. Әрине мектеп ішінде. Өзімнен төменгі сыныптардың қыздарын,жігіттер де болды, биге үйретіп жүрдім. Бірақ ән дегенде қоярда жаным бөлек болды. Ең қиыны ән айта алатыныма ешкім сенген жоқ! Жөн де, себебі микрофон ұстағанымды ешқашан көрмеген. Мен үйде "әншімін" ғой ол кез. Қанша талпынсам да сыныптастарымның " сен ән айтасың ба қооой,бишісің ғой қайдағы ән?" дегені жүйкемді жұқартып жіберетін. Әрі әкем де өсе келе секеңдеп билей бергенімді ұнатпады. Себебі үйде болмаймын,дайындық күнімен. Одан қалса бала күнімнен "хронический" дейді ғой, созылмалы бронхитім бар-ды. Ал мерекелік кештерде бір ғана би билемейсің, әр екі ән сайын биге дайын тұру керек болдым. Солай жүріп кештен соң тер басылмай "құлайтынмын". Тіпті бір жылы жаңа жылдық кештен соң қатты ауырғаным сонша әкем қорқып кетті, "билей бермей ән айтсаңшы, саған билеуге болмайды,өкпеңе ауа жетпей қалады,ырсылдап әрең жүрсің, таста мұны" деп қарсылығын айтты. Менің денсаулығымды ойлап қой. Сосын соңғы рет рұқсат сұрап жүріп мектепті бітіргенде биледім!Одан кейін биге жоламадым!
Биді жалғастырғым-ақ келді.Бірақ Алматыда ЖОО-да жаңа орта, жаңа достар,оларды қайтадан биге үйретіп жинау оңай емес-ті, әрі қыздардың құлшынысы болмады. Онсыз да мектепте пассив қыздарды "сүйреумен" өткен өмірім хехех.
Бірақ студент атанып сахнаға емес-ау, студенттер лекция залында алғаш ән айттым. Бұған дейін айтпадым емес,айтқанмын. Әкем мені тек әулетіміздің тойында ғана ән айтқызатын. Елдер құсап той аралау емес, "чисто для своих" хахах.
Солай студенттер қатарында ән айтатын Қазына боп таныла беріп ем,ұйымдастырушылыққа ден қойып нағыз үлкен сахнадағы әншілермен жұмыс істеп жүріп өзіме қарауға уақыт болмай кетті. Әрі түбінде әнші болмасыма көзім жетті. Мен тұрақты жұмысы бар, күйеу бала-шағасына қарайтын әйел болғым келді. Сол себепті онымен күрестім. Қанша жерден әнші болмаймын деп "аузын жауып қымтасаң да" іште жатқан дүние шықпасына қоймайды екен. Әкемнің әндерін айтып "өзім" үшін жазып алып жүрдім.
Тарихы осы. Ал енді бастысы-мен үлкен сахнаға шықпақпын! Шықпаймын деп кезінде өзіме уәде бергем.Білем. Себебі әншінің нәпақасы-тойда! Ал мен қыз басыммен тойға шығып ән айтқым келмейді. Бала-шағама тәрбие беріп, ата-енеме қарағаным жөн секілді. Ән-жүрегімнің қалауы. Жақында жаңа әнім дайын болады. Авторлық. Дебюттық!
Шыдай алмадым. Рас!!! Бірақ мен өз позициямнан таймаймын! Әнді ішкі қалауыфм үшін айтамын. Мұнда жазып жатқан себебім- әнші достарым мені өздерінен сұхбат алушы тележүргізуші ретінде таниды. "Енді сен қалдың ба сахнаға шықпаған?" деген қаңқу сөзден ыңғайсызданып отыр мына қыз хахах.
Әрине кім не десе де өз еркі. Десек те бүгінгі "аузы жыбырлағанның бәрі әнші, жыбырлағанның бәрі биші" заманда менің өз кейіпкерлерімнің қатарына қосыларыма елдер таң қалар. Бірақ мен бәрібір ән айтатын болам!!! Сахнаға шықсам да шықпасам да!!!
УУУф ақыры жаздым ау. Ал жарайды. Сәттілік дейін. МЕнде съемка. Кеттім.
Айтқандай,жаңа әнім "Саған арналған" деп аталады! Әнге ғашық қыздың сөздері))))
P.S. Бұған дейін авторлық екі ән жаздырғам...әкемнің әндері хехе құр кетпей пиар жасап кеткен ба?!
Қой, кеттім, оператор "Казынааа" деп шақырып жатыр. Әй,мен -Қазынамын)))))