Ауызға түкірту

Ауызға түкірту
жеке
блог

Ауызға түкірту

 

Елге  молда, дәруіш үйіне келсе немесе аймағына беделді әділ де шешен адам келсе зыр жүгіріп күтеді, бірінші баласын қолына ұстап, алдынан алып шығады, мұндағысы баланың аузына түкірту. Баламыз да осы кісі сияқты діндар әулие, адал азамат болсын дегені. Тіпті әкесі баласын апарып, әулие, пірадарға арнайы түкіртіп қайтады. Әулие немесе дін жолындағы ұстаздарға баланың атын қойғызса, аузына түкіртсе, батасын алса балаға мұның бәрінің де шарапаты тиеді.