Ауызашардағы табақтас қызға
Таңдандырып, қалдырған ойда мені,
Тағдыр тұнған керемет сабақтастық!
Бір кеште хас сұлумен қойған мені,
Қарасайшы тағдырды табақтас қып.
Ораза тұтқан мүміннің жұпарына,
Сөз естігем, періште рахаттанар.
«Періште қыз, отырған қатарыма,
Қайдам, оны жақтырып, мадақтамар?»
Деп, күдікпен бір де сөз айта алмадым,
Бірге отырған сұлуға періштедей.
Арқалауға мәжбүрмін қайтарға мұң,
Бір ауыз сөз тыңдар ма теріс демей?..
Мына қиял мазалап, сан құбылар,
Талай арман жетелеп атар ақ таң.
Тағдыр қосса, мәңгілік дәм бұйырар,
Күн бар ма екен сол қызбен бір табақтан?!.
...)))
2003 жыл.