Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде.
блог
Таңертең ұйқыдан тұрғанда, жұмыртқа қуырып, айранын сұйылтып "ішіп ал , балам" деп, бәйек болатын анамыз жанымызда емес қой. Қолымызға түскенін жейміз де жүре береміз. Қарбалас жұмыста уақыт та бола бермейді. "Уақытында тамақтанып жүрсіңбе?" деп телефон шалғанында, "иә мам иә" деп жауап береміз. Артынша, "кешегі беріп жіберген шелпекті кеңседе жеп ал шаймен" десе, "мааам қолым тимей жатыр, қоям тұтқаны" дейміз. Кеңседе отырсақ та, уақыт жоқ қой. Бір шыны кофені , қырылып жүріп әзер ішеміз. Енді шәйға отыра берсек, есіктен "Ануар Есимбекович сізді . . ." басталат. Үйде де, маманың шелпегі желінбей жүр. Есіктен кіргенде, ұйқыға құлау ғой. Соңғы күндері асқазаным қыжылдап ауырып жүр. Сенсеңіз дәрігерге баруға да уақыт жоқ. Кезекке тұрып, жүйке жұқарытпай, іздеу деген жерге, жаза салып, ғаламтордан онлайн кеңес ала салған тез ғой. Асқазанның кілегей қабатының қабынуы - жедел гастрит. Қоздырғыш хеликобактер пилори. Белгілері: қыжыл, кеуде тұсында қырып жатқандай ауырсыну. Асқазанды көзбен көре алмайтындықтан , ауызбен жіңішке зондқа байланған камера жұтады екенсіз. ФГДС деп аталады екен. Жағымсыз, ауырады дейді, жасатқан адамдар. Гастрит уақытлы тамақтанбаудан, ащы тағамды жиі қабылдаудан дамыйды. Кофе ішу де, кола ішу де зиян! Асқазанда сөл бөліну күшейсе, кілегей қабатын күйдіріп, қабыну процесі дамуына себеп болады. Қарапайым тілмен айтқанда, асқазанда жара пайда болады. Жарадан қан кетеді. Соңы жаман ауру екен. Тіпті бұл ауруға жан күйзелісінде жүрген адамдар, жиі шалдығады екен. Гастритті емдеуге дәрі-дәрмек өте көп. Аттарын жаттап та үлгермейсіз. "Қазақи" жолмен де емдеу жолдары бар екен. Саз балшықты суға сұйық етіп езіп ішу , жақсы көмектеседі деп жатады, үлкендер. Ара балын, бір тостаған жылы суға араластырып ішу де өте пайдалы.
Енді жейтін тағамға баса назар аударатын болам. Бір тостаған кофенің орнына айран, шөлдеп өліп бара жатсам да, кола емес жылытылған сүт, хотдоктың орнына майлы шелпек жейтін боламын. Ой, сіміріп кетемін деп, мүлдем тамақтан бас тартатын қыздар, дене сымбатын қайтесіз, ең бастысы деннің саулығы. Сағызды жөн-жосықсыз шарт-парт еткізіп, бір сағаттан артық шайнау да, гастрит ауруына себеп болады екен. Сіздер гастритке қандай дәрі қолданып көрдіңіздер? Жалпы дәрі ішу қажет пе? Әлде, тағаммен емделген жөн бе?