ОООО, Массагеттіктер бұл тағы мен! Қазақтың қара қызы))) Ал, амансыздар ма?! Тағы да қалайсыздар?Мен өз ауылымды жақсы көремін!Неге екенін білесіз бе? Өйткені менің ауылым тарихи орта, керемет орта! Тарихи деген себебім бұл жерде тарихтың көкесі болған. Бәріңіз дерлік Амангелді Үдербайұлы Имановты танитын боларсыздар солай ма?! Амангелді 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі болған. Бұл кісі біздің ауылға тікелей байланысты. Өйткені, бізде ол кісінің көтеріліс жоспарын құрған штаты бар.
Мына суреттер соның дәлелі. Бізді кейде Иманов ауылы деп те атайды. Өйткені, біздің ауыл "БАТЫР АУЫЛ". Жақында "Қазақстан-Қостанай" теле арнасынан ауылымыздың сырын білуге журналисстер келді. Біздің ауылда орналасқан Жаңа ауыл орта мектебінің түлектері бүгінде бірі "Қазақстан дауысы" теле жобасының жеңімпазы , бірі оюмен ой айтқан қолөнер шебері. Нақтырақ айтсам Шахариззат Сейдахмет және Шөптібай Байділдин. Айта берсең кәзірде үлкен мамандық иесі атанған түлектер көөөөп.
Ауылыммен аз да болса таныстырдым деп ойлаймын, солай ма? Ал, менің ауылымды танитындар бар ма? Немесе осы жазбаға қосатындар болса........