Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылынан барша жұртқа мың сәлем! Жако бастап, Айко қолдап жіберген эстафетаны ары қарай да кезегімен жалғайын, кешіккенім үшін айып етпеулеріңізді сұрап, бастадым:
Жалпы Мойынқұм ауданы Жамбыл облысы территориясының 40 пайыздан астам жерін алып жатқан үлкен аудан болып саналады. Ауданға қарасты 16 ауылдық, кенттік округтердің ішінде - Мойынқұм аудан орталығы. Аудан аумағында алтын, күміс, барит, гранит, цемент қазба байлықтарын өндіретін ірі зауыттар жұмыс атқарады. Жер көлемі кең, мал шаруашылығына жайлы мекен. Ер Қайратты дүниеге әкелген, "Достарымның дидары жайдары" деп Шәмшіге ән салдырған елі дархан, жері бай өлке.
Ендеше ауылымның жайын суреттермен баяндайын, ел-қатарлы). Бүгін арнайы эстафета үшін мұражайға бардым, ауылдың бет-бейнесін мұражайдағы суреттер арқылы жеткізсем:
Ауданда аумағында кездесетін құстар:
Қазақы ауылдың бейнесі, үлкен қазақ үйге де мұражайдан орын табылған:
Аудандық мәдениет үйі, кімдер ән салмады десеңізші мұнда).
Орталықтағы шағын футбол алаңы..
3 үлкен мектептің 1-уі ....
П.С. суреттер тек ауылдың ішінде түсірілген кадрлар, бұрынғы. Жаңадан "бой түзеген" әдемі ғимараттар мен табиғатты түсіруге мүмкіндік болмады, жазда арнайы Массагет үшін табиғатқа шығып, фотосессия жасайтын боламын, бұйырса!).
Тәк, осымен доғардым, эстафетаның кезегін Қыпшақ қызына беріп, туған жерінің сұлулығына таңдай қақсақ деген ниет бар! Жазик, өзіңнен хабар күтеміз!)